• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысына Польша Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі келді

Облыс әкімі Асайын Байханов Польша Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Михал Лабендамен кездесу өткізді.

Кездесу мемлекеттік тілде өтті, дипломат қазақ тілін жетік меңгерген.

Облыс әкімі өңірдің индустриялық әлеуеті туралы айтты. Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Павлодар облыстық «Полония» поляктар қоғамы мәдени қарым-қатынастың маңызды элементі болып табылады. Аймақтағы ең белсенді этномәдени бірлестіктердің бірі «Полония» қоғамының құрылғанына биыл 30 жыл толады.

Өз кезегінде Михал Лабенда білім, мәдениет, экономика саласындағы екіжақты қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

- Біздің өңірлеріміз ұқсас, бізде де Павлодар сияқты индустриалды дамыған қалалар бар. Польшада ынтымақтастыққа мүдделі болуы мүмкін көптеген өндірістер бар, - деді Михал Лабенда.

Павлодар облысында поляк тарапының қатысуымен 4 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олар «ZUMIR KZ» ЖШС, «Металлоконструкция-ПВ» ЖШС, «Интер-Универсал» ЖШС, «ASV Management» ЖШС.

Кездесуде білім беру, академиялық ұтқырлық аясында студенттер мен оқытушылар үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Асайын Байханов Лабенда мырзаның қазақ тілі мен мәдениетін жетік меңгергенін атап өтті.

- Сіз қазақ тілінде ана тіліңіздің деңгейінде сөйлейсіз және бұл құрметке лайық, - деді облыс әкімі.

Өңір басшысы біздің өңірге деген қызығушылығы үшін алғысын білдіріп, бірлескен жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.

Кездесу соңында Асайын Байханов Михал Лабендаға ұлы ақын және философ Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдығына орай шыққан көп томдық шығармалар жинағын сыйға тартты. Онда ұлы ойшылдың өлеңдері мен дастандары жинақталған.

  • 07.04.2025
  • 32
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика