• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қорғаныс министрі Голан жоталарынан оралған бітімгерлерді марапаттады

Қорғаныс ведомствосында бірінші ұлттық бітімгерлік контингентінің құрамында Біріккен Ұлттар Ұйымының (UNDOF) миссиясы аясында Голан жоталарында қызмет еткен әскери қызметшілерге құрмет көрсету рәсімі өтті. 

Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасарлары, ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстан армиясының халықаралық аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін біріккен ротаның әскери қызметшілеріне алғысын білдірді. Министр бітімгерлік миссияға қатысу әскери дағдыларды ғана емес, сонымен қатар дипломатияның, шыдамдылық пен адамгершіліктің жоғары деңгейін талап ететінін атап өтті.

– Сіздер Голан жоталарында жауапты миссияны орындап, елге абыроймен оралдыңдар. Сіздердің ендігі міндеттерің – күрделі миссия барысында жинаған тәжірибені беру. Бұл Қарулы күштерді одан әрі нығайтуға ықпал етеді, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Әскери борышын мінсіз орындағаны және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін ұлттық бітімгершілік контингентінің бірінші құрамының барлық әскери қызметшілері «Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін» медалімен марапатталды.

 «Ел қорғаны» медалін 22750 әскери бөлімі автокөлікпен қамтамасыз ету тобының техник-жүргізушісі старшина Азамат Сағындықов пен барлау тобының сержанты – 22750 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы командасының жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы сержант Темірлан Маусымбаев алды.

ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының медициналық қызмет сержанты – санитарлық нұсқаушысы аға сержант Ардақ Күртебаева мен Бас әскери клиникалық госпиталі анестезиология және реанимация бөлімшесінің аға маманы ефрейтор Айкерім Сесерхан адал қызметі үшін «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Кәсіби біліктілігі және жауапты ісі үшін 58012 әскери бөлімі инженерлік-саперлік ротасының сержанты 3-сыныпты сержант Мадияр Стамшал «Минасыздандырудағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

22750 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы барлау тобының мергені лейтенант Мұхит Жолаушиевке мерзімінен бұрын «аға лейтенант» атағы берілді.

Кездесу барысында қорғаныс ведомствосының басшысы қолбасшылыққа тәжірибені жинақтау, жеке құрамды дайындау бойынша ұсыныстарды қалыптастыру, бітімгерлік миссиялардың тактикасына, стратегиясына және практикалық қызметіне түзетулер енгізе отырып, кешенді бағалау жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

  • 15.04.2025
  • 32
Жақсылықов Р. Ф.

ҚР Қорғаныс министрі

Жақсылықов Р. Ф.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика