- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Костанай облысының әкімдігінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды.
Костанай облысының әкімдігінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды.
🔹 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығын қаржыландыру жыл сайын ұлғайып келеді. Биыл ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелеуге 200 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. Осы шараның арқасында 2025 жылға дейін техниканы жаңарту деңгейі 7,1%-ға, ал 2028 жылға қарай 10%-ға жетуі тиіс.
🔹 Фермерлерді қолдау: «Кең Дала 2» бағдарламасы аясында минералды тыңайтқыштарды сатып алу бағасы 60%-ға төмендетілді. Биыл облыс аграршылары 337,6 мың тонна тыңайтқыш енгізуі қажет.
🔹 Диверсификация мен рентабельділік – табысты дамудың кепілі! Дәнді дақылдар бағасының төмен болуына байланысты сұранысқа ие дақылдардың егістік алқабын кеңейту маңызды. Биыл майлы дақылдар 755 мың га, картоп 5,5 мың га, қарақұмық 21 мың га жерге егіледі.
Облыс аграршылары барлық жеңілдетілген бағдарламаларды белсенді пайдалануы керек! Бюджет қаражатын тиімді жұмсау – ауыл шаруашылығының тұрақтылығының кепілі.
- 15.04.2025
- 27