• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Талғар ауданында өрт салдарынан баспанасынан айырылған отбасыға үй алып берілді

Талғар ауданында өрт салдарынан баспанасынан айырылған көп балалы отбасыға меценаттар үй алып берді.

25 ақпан күні түн ортасында орын алған төтенше жағдайдың салдарынан алты балалы отбасы баспанасынан айырылып, қыс ішінде қиналып қалған еді. Алғашында шатырдан басталған өрт үйді тұтастай шарпыған.

Талдыбұлақ ауылындағы көп балалы отбасының қиын жағдайын ақпарат құралдары арқылы білген облыс әкімі Амандық Баталов ауданға тиісті көмек ұйымдастыру туралы тапсырма берген болатын. Бұл ретте ұсынысқа меценаттар үн қатып, «Горизонт KZ» компаниясы жеке қаржысы есебінен тағдыр талқысында қалған жанұяға Талғар қаласынан үй сатып әперді. Талғар ауданына барған сапарында облыс әкімі осы көп балалы отбасымен кездесті, демеушілік жасаған қайырымды жандардың қол ұшын созғанын игі іс деп білетінін айтты.

Бүгін отбасы жаңа үйге кірді.

«Түн ортасы ауа түсініксіз бір дыбыстан оянып кеттім. Далаға шықсам, үйіміздің шатыры жанып жатыр екен. Күйеуім күзетшілік жұмыста болатын. Алғашында сасқалақтап қалдым, бірақ үлкен балаларым тез есімді жиғызып, бәріміз жылдам киіне бастадық, өрт сөндірушілерді шақырдық. Тек құжаттарымызды ғана алып үлгердік. Бұл оқиға 25 ақпанда болды. Біз турасын айтқанда көшеде қалдық. Бірақ бүгін сол қиындықтың бәрі артта қалып, қатты қуанып отырмыз. Өз үйіміз бар дегенге әлі де сене алмай тұрмын. Бес ұлым, бір қызым бар. Үлкенім 8 сыныпта оқиды, кішкентайым 7 айлық. Енді олардың өз үлкен үйлері бар. Бізді қиын сәтте жалғыз қалдымай, көмек қолын созған жандарға алғыс айтамын. Облыс әкіміне, меценаттарға, аудан әкімдігіне, журналистерге, бізді қолдаған барша азаматтарға ризашылығым шексіз», - деді өзінің әсерімен бөліскен көп балалы ана Айгерім Талқанбаева.

Отбасын қоныс тойымен аудан әкімі Қайдар Әбдіханов құттықтады.

Атап өтсек, Алматы облысында өткен жылы 1258 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген, соның 180-і меценаттардың қаржысы есебінен үйлі болды.

  • 04.03.2021
  • 250
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика