- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен және Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті ағайын!
Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен және Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – мейірім мен кешірімнің, сабыр мен сауаптың, рухани кемелдену мен ізгі істердің айы. Бұл айда әрбір игі амал мен қайырымды істің маңызы арта түседі.
Бүгінгі Алғыс айту күні де өзара құрмет пен ризашылықтың, бірлік пен татулықтың жарқын көрінісі. Бұл күн – Қазақстандағы түрлі этностардың бір-біріне және туған жерге деген шынайы алғысын білдіретін мереке.
Алла Тағала ұстаған оразаларыңызды, жасаған дұғаларыңызды қабыл етіп, отбасыңызға амандық, жүректеріңізге тыныштық, береке мен бірлік нәсіп етсін!
Оразаларыңыз қабыл болсын! Бірлігіміз бекем болсын!
- 15.04.2025
- 18