- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Бүгін Қостанайда «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының екінші кезеңі басталды.
Бүгін Қостанайда «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының екінші кезеңі басталды. Негізгі мақсат – барлық қызметтердің көктемгі су тасқынына дайындығын тексеру және олардың тиімді өзара іс-қимылын пысықтау.
Оқу-жаттығу барысында тактикалық жаттығулар өтті: құтқарушылар шартты түрде зардап шеккендерді өрттен эвакуациялады, автокөлік пен балықшыларды мұз астынан алып шықты, қорғаныс бөгеттерін нығайтты және су өткізу жүйелерін тазалады.
Біз тасқын қаупін барынша азайтып, Қостанай облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын ала барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз.
- 15.04.2025
- 20