- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Мемлекет басшысының өңірлердің теңгерімді дамуы туралы тапсырмасы аясында Арқалықта экономика, инфрақұрылым, медицина, білім және спорт салаларын дамыту бойынша жобалар іске асырылуда.
Мемлекет басшысының өңірлердің теңгерімді дамуы туралы тапсырмасы аясында Арқалықта экономика, инфрақұрылым, медицина, білім және спорт салаларын дамыту бойынша жобалар іске асырылуда.
⚒ Бизнес және өнеркәсіп
Оңтүстік аудандар үшін «Бизнес-Көмек» облыстық бағдарламасы жұмыс істейді, оның аясында кәсіпкерлер 1%-бен несие ала алады. 574 млн теңгеге 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде екі жаңа асфальт-бетон зауытының (барлығы 3 зауыт болады) және екі жаңа қиыршық тас зауытының (барлығы 4 зауыт болады) құрылысы бар.
🚧 Көлік инфрақұрылымы
🔹 «Жезқазған – Петропавл» стратегиялық тас жолы
2023 жылы Арқалықтан Ақмола облысының шекарасына дейін 38 км жол жөнделді. Биыл Арқалықтан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі 87 км жолдың жөндеу жұмыстары аяқталады, жалпы 125 км жол жаңартылады.
🔹 30 жылдан астам уақыт пайдаланылмаған Арқалық әуежайын қайта жаңғырту: терминал, ұшу-қону жолағы және перрон жаңартылады.
🏥 Денсаулық сақтау
Перзентхананы күрделі жөндеу және аурухананы жаңғырту жобасы жүзеге асуда. Қазіргі заманғы МРТ және ангиограф аппараттары орнатылады. Бұл Арқалық, Амангелді және Жангелдин аудандарының 77 мыңға жуық тұрғынын медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
🏫 Спорт нысандарының құрылысы
Арқалықта 5 жаңа спорт нысаны салынады:
🔹 Ауылдық жерлерден шыққан дарынды балаларға арналған спорт интернаты
🔹 2 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК)
🔹 Күрес залы
🔹 Бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры спорт кешені ретінде қайта жаңғыртылады.
🎓 Ғылым және мәдениет
🔹 Бұрынғы ауыл шаруашылығы басқармасының ғимараты педагогикалық институттың жаңа корпусы ретінде қайта жөнделуде.
🔹 Биылғы жылдың соңына дейін 15 жыл бойы жұмыс істемеген «Горняк» Мәдениет сарайының күрделі жөндеуі аяқталады.
🔹 Ашутас ауылындағы Мәдениет үйіне де күрделі жөндеу жүргізілуде.
🌊 Сел және су тасқынына дайындық
🔹 Солтүстік ауылында 600 метрлік жер үйіндісі салынды, 3 су өткізгіш құбыр орнатылды, 3,1 км арықтар қазылды, құбырлар тазартылып, жолдар нығайтылды, нөсер кәріз жүйесі жасалды.
🔹 Дачный ауылында Амангелді көшесінде 1,8 км жол орташа жөндеуден өтті.
🔹 Су тасқыны қаупін азайту үшін аула аумақтарын тазарту және қар шығару жұмыстары жүргізілуде.
- 15.04.2025
- 19