- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Қытайлық инвесторлармен Б.Майлин ауданына қарасты Тобыл кентінде вагон жөндеу депосын салу мүмкіндігін талқыладық.
Қытайлық инвесторлармен Б.Майлин ауданына қарасты Тобыл кентінде вагон жөндеу депосын салу мүмкіндігін талқыладық. Қытай тарапынан WEINENGDA IMPORT AND EXPORT (HUBEI) CO., LTD вице-президенті Ли Шан Фин ханым қатысты.
Қостанай облысы үш негізгі бағытта қарқынды дамып келеді:
✔ Автомобиль өнеркәсібі
✔ Қара металлургия
✔ Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
Осы салаларды тиімді дамыту үшін заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылым қажет. Егер жоба жүзеге асса, депо өңірдің теміржол тасымалы жүйесінде маңызды буынға айналып, жылжымалы құрамды жөндеу және қосалқы бөлшектер өндіру ісін жолға қоюға мүмкіндік берер еді.
Қостанай облысы өз индустриялық әлеуетін нығайтып, перспективалы жобаларға қызығушылық танытқан инвесторларды тартуды жалғастыруда!
- 15.04.2025
- 21