- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
ERG S.a.r.l. директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимовпен кездесу барысында ыстық брикеттелген темір (ЫБТ) өндіретін зауыт құрылысы талқыланды.
ERG S.a.r.l. директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимовпен кездесу барысында ыстық брикеттелген темір (ЫБТ) өндіретін зауыт құрылысы талқыланды.
Бұл өңір мен ел үшін стратегиялық маңызды жоба алғашқы кезеңде:
✅ 500 млрд теңге инвестиция
✅ 1100 жаңа жұмыс орны
✅ Жылына 2 млн тонна өнім бермек.
ГБЖ өндірісі шикізатты терең өңдеуге және өнімнің қосылған құнын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдай:
🔹 Жобалау алдындағы дайындық жүріп жатыр, заманауи «Midrex» технологиясы таңдалды
🔹 Жақын арада жабдықты дайындау және жеткізу бойынша келісімшарттар жасалады
🔹 2025 жылдың жазында жаңа зауыттың инфрақұрылымын салу жұмыстары басталады.
Сонымен қатар, Қостанай облысының әкімдігі мен ERG арасында 2,7 млрд теңгеге ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қаражат Рудный, Лисаковск қалаларының, сондай-ақ Қашар мен Октябрьский кенттерінің инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.
- 15.04.2025
- 24