- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!
Құрметті қостанайлықтар!
Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!
Ораза айт – ауызбіршілік пен татулықты, бірлік пен қайырымдылықты, ізгілік пен ізеттілікті одан сайын еселей түсетін берекелі мереке. Қасиетті айда жасаған игі істеріңіз қоғамның өркендеуіне, еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуына сеп болары анық.
Рамазан айындағы сабырлық, төзімділік пен ауызбіршілік өңірімізде орын алған табиғаттың тосын мінезіне төтеп беруге зор мүмкіндік берді. Асыл дінімізбен ұштасқан осынау қасиетіміздің талай қиындықты еңсеріп, талай қуанышқа жол ашарына сенімім зор.
Ұлық мереке әрбір шаңыраққа шаттық, жақсылық пен молшылық әкелсін.
Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Ораза айт қабыл болсын !
- 15.04.2025
- 31