- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыруды тапсырды, бұл отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыруды тапсырды, бұл отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Қостанай облысы бұл бағытта жүйелі түрде жұмыс істеп келеді!
«Кондитерлік астана» жаңа кешенінің құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жоба Қазақстанның тамақ өнеркәсібіндегі көшбасшыларының бірі – «Баян Сұлу» АҚ базасында жүзеге асырылуда.
🔸 Жобаның құны – 14 млрд теңгеден асады
🔸 Қуаттылығы – жылына 16,6 мың тонна өнім
🔸 260 жаңа жұмыс орны ашылады
🔸 Кондитерлік өнімдер жергілікті шикізаттан өндіріледі, бұл импортқа тәуелділікті төмендетіп, өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
✅ Бұрынғы нан зауыты аумағындағы ескі ғимараттар бұзылып, орнында жаңа өндірістік цех салынады. Оның аумағы 7,3 мың шаршы метрді құрайды. Құрылысы 2025 жылдың екінші тоқсанында басталып, өндіріс желтоқсанда іске қосылады.
Бұл жоба – өңір экономикасын нығайту мен облыс тұрғындарын жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.
- 15.04.2025
- 29