• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақсу қаласына барып қайтты

«Қазхром ТҰК» АҚ АЗФ басшылығымен өткен жиналыста жылыту маусымының қорытындысы шығарылып, алдағы қысқы кезеңге дайындық мақсатында Ақсудың «РОК-2» қазандығына ауқымды жөндеу науқанын жүргізу мәселелері жан-жақты талқыланды. Қазандық пен желілік жабдықты күрделі жөндеуге және реконструкциялауға, сондай-ақ, «РОК-2» басты жылу магистралін жаңартуға ERG тобы 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Сонымен қатар, Ақсу қаласының әкімі келесі аптада жылу желілеріне жүргізілетін гидравликалық сынақтарға дайындық барысы туралы баяндады.

Жұмыс сапары барысында Асайын Байханов Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде болып, «WorldSkills Kazakhstan-2024» Ұлттық чемпионатының жүлдегерлерін құттықтады.

Одан кейін өңір басшысы облыстық бюджет қаражаты есебінен салынған Мұз аренасына барды. Қазіргі уақытта жаңа спорт кешенінде 150 бала қысқы спорт түрлерімен айналысады. Аймақ басшысы облыстың спорт басқармасы мен қала әкімдігі басшылығының алдына ағымдағы жылдың соңына қарай спортпен шұғылданатын балалардың санын 300-ге дейін жеткізу міндетін қойды.

Егжей-тегжейлі талдау жасалған келесі нысан Ақсу қаласының басты су тазарту ғимараты болды. Мұнда облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өткен жылы резервтік электр беру желісінің құрылысы басталған болатын. Өйткені, аталмыш резервтік электр желісінің болмауына байланысты қала тұрғындары электр желілерінде орын алатын апаттық жағдайлар кезінде сумен жабдықтауда қиындықтарға тап болды.

Бүгінде ұзындығы 6,3 км болатын резервтік электр беру желісі толығымен салынды, енді «Ақсу су арнасы» МКК-ға мердігер ұйыммен бірлесіп екі апта мерзімде резервтік тармақты қосу және сынақ өткізу міндеті қойылды.

Сапар барысында Асайын Байхановқа Ақсу қаласының негізгі көлік артериясын жөндеу жұмыстарының барысы баяндалды. «ГорДорСтрой» ЖШС мердігер ұйымы 12 км жолды фрезерлеу жұмыстарын толық орындап, асфальттауды бастады.

Облыс әкімі барлық жұмыстарды осы жылдың 25 сәуіріне дейін аяқтауды тапсырды.

Одан кейін өңір басшысы «Қызылжар-Құс KZ» ЖШС жұмысымен танысты.

Өткен жылы кәсіпорынды қалпына келтіру жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі таңда құс фабрикасына 5 млрд теңге инвестиция салынды, оның 1,5 млрд теңгесі нысандарды қалпына келтіруге, ал қалған қаражат қарыздарды өтеуге, жабдықтар сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды.

8 сәуір күні кәсіпорында алғашқы құс сою жұмыстары жүргізілді.

Жаңадан іске қосылған кәсіпорында қазір жақын маңдағы ауылдардан 145 адам жұмыс істейді, ал толық қуатта іске қосылған кезде 250-ге дейін адамды жұмыспен қамтитын болады. Өндіріс көлемін жылына 10 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.

  • 15.04.2025
  • 30
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика