- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Газ, су, жол: Текелі қаласында бірнеше жылдан бері күрмеуі шешілмеген үш мәселе шешімін тапты
Жетісу облысы Текелі қаласында көптен бері көтерілген су, газ, жол мәселесі шешілді. Бүгін жұмыс сапарымен осы әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексердім.
Текелі қаласында көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселе болды. Бұл газ, су және жол. Бүгінде газдандыру жұмыстары соңғы сатысына жетті. Қазірдің өзінде 1000-нан астам абонент газға қол жеткізді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін барлық 4 мыңнан астам тұрғынға көгілдір отын қолжетімді болады. Ал ауызсуға келетін болсақ, жобаның бірінші кезеңіндегі барлық жұмыс аяқталды. Сүзу стансасының жабдықтары жөнделіп, ауыстырылып, екі су қоймасы салынды. Ұңғымалардан 16,5 шақырым су құбыры желісі орнатылды. Мамыр-маусым айларында судың сапасын тағы тексереміз. Жұмыстың екінші кезеңінде ішкі сумен жабдықтау желілерін ауыстырылады. Оған 400 млн. теңге бөлінді. Жоба жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Су және газ желілері аяқталғаннан кейін жол жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Қазір олар Қазақстандағы ең ұзын көше саналатын Д. Қонаев атындағы көшені күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Оны күзде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша, аз жылдың ішінде Текелі қаласының аса маңызды деген үш мәселесі шешілді.
Тағы да бір өзекті мәселе – қаланы жылумен қамту. Осыған орай, жалпы белгіленген электр қуаты 53 МВт және жылу қуаты 48 Гкал/сағ. газ турбиналық стансасының құрылысын қамтитын Текелі энергетикалық кешенін жаңғырту және кеңейту жобасы жүзеге асырылуда. Жоба 3 кезеңде жүзеге асырылады.
Орталық саябақты аралау арқылы қаладағы абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстым. Текеліде барлығы 8 мың жас ағаш отырғызу жоспарлануда. Оның 2500-і жыл басынан бері егілген. Сондай-ақ, көктемнің басынан бастап «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/978601?lang=kk
- 18.04.2025
- 49