• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодарда Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті

Достық үйінде даңқты жерлесіміздің 100 жылдық мерейтойына орай «Павлодарлықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі: Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың жауынгерлік жолы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға ғылыми және қоғамдық қауымдастық өкілдері, тарихшылар, ЖОО оқытушылары, сондай-ақ, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысты.

Өңір басшысы Махмет Қайырбаевтың нағыз патриот екенін және оның өмірі мен Отанға қызмет етуі ерлік пен батылдықтың жарқын үлгісі екенін атап өтті.

- Махмет Қайырбаев - өз халқының дара туған перзенті. 18 жасында Смоленск маңындағы шайқастарға қатысқаны үшін Александр Невский орденін алды. Ал 20 жасында Шяуляй танк шайқасында көзсіз ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Оның есімі табандылық пен Отанға деген адалдықтың символы ретінде мәңгілік ел есінде қалады - деп атап өтті Асайын Байханов.

Соғыстан кейін ардагер аймақтың дамуына елеулі үлес қосты. Ол облыстың бірнеше ауданын басқарып, индустриалды Павлодардың қалыптасуына белсенді атсалысты және жерлестері арасында жоғары беделге ие болды.

Конференцияда Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшесі Юрий Поминов баяндама жасап, батырға «Махмет Қайырбаев биігі» очергін арнады. Сондай-ақ, зерттеуші Халел Әкімханов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Аманжол Қалыш, Astana IT University оқытушысы Бақнұр Тасыбек, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері Серік Әбдірахманов, Toraighyrov University профессоры Аслан Азербаев және басқа да қатысушылар сөз сөйледі.

Махмет Қайырбаев туралы естеліктер Павлодар облысында сақтаулы. Қаланың орталық көшесі батырдың есімімен аталады және өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозициясында ол басқарған батарея құрамынан жауынгерлік қару ұсынылған.

2025 жылдың басынан аймақта батырдың 100 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Ардагердің ұлы Мұрат Қайырбаев мерейтойға орай әкесінің жауынгерлік және өмір жолдарын баяндайтын кітап шығарды. Сондай-ақ, «Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевқа - 100 жыл» естелік медалі шығарылды.

  • 21.04.2025
  • 25
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика