• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар ауданының Бірлік ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды

Бірлік ауылында жалпы білім беретін жаңа мектептің алғашқы кірпішін қалау рәсімі өтті. Іс-шараға ауыл тұрғындары, ақсақалдар, жастар, сондай-ақ, облыс әкімі Асайын Байханов қатысты.

Жаңа білім ошағын салу туралы шешім 2024 жылдың көктемінде тұрғындармен кездесуден кейін қабылданды. Сол кезде ауыл тұрғындары аймақ басшысына балаларының туған ауылдарында оқуы үшін мектеп салу мәселесімен жүгінген болатын. Қазіргі уақытта Бірлік ауылының оқушылары күн сайын Заря ауылындағы мектепке баруға мәжбүр. Мектеп автобусы барлық баланы оқуға апару үшін төрт рейс жасайды және оқудан кейін төрт рейспен үйлеріне апарады.

Ауылда барлығы 130 бала тұрады және оның 98-і мектепте оқиды. 20 бала бейімделген ғимараттағы шағын орталыққа барады. Тағы 15 сәби өз кезегін күтіп отыр.

- Біз ауыл тұрғындарын толғандырған мәселенің шешімін табамыз деп уәде берген болатынбыз. Және бүгін біз жаңа мектептің құрылысын бастап қана қоймай, ауылдың одан әрі дамуына, оның өркендеуі мен әл-ауқатына серпін беретінімізге өте қуаныштымын, - деп атап өтті Асайын Байханов.

Құрылыс оффтейк-келісімшарт негізінде жүргізілуде - бұл инвестор нысанды өзі салып, пайдалануға бергеннен кейін мемлекет оны сатып алатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысаны. Осыған ұқсас тәсіл облыстың басқа аудандарындағы апатты жағдайдағы мектептердің мәселелерін шешуде өзінің тиімділігін көрсетті.

Жоба бойынша жаңа білім ордасында заманауи үлгіде жабдықталған кабинеттер, зертханалар, спорт залы, медициналық пункт, сондай-ақ, 40 орындық мектепке дейінгі балаларға арналған шағын орталық қарастырылған.

Тұрғындар көпжылдық мәселенің шешімі табылғаны үшін алғыстарын білдірді.

- Жылдар бойы бізді ешкім естіген жоқ. Мектеп құрылысының арқасында болашаққа деген сенім пайда болды және балаларымыз үшін алаңдамайтын боламыз - деп атап өтті ауыл тұрғындары.

Мектеп құрылысы 2025 жылы аяқталып, алғашқы оқушыларды қабылдайды деп күтілуде.

  • 21.04.2025
  • 38
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика