• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Жасыл әлемді бірге құрайық!»: 10 мыңнан астам жамбылдық оқушы ағаш тұқымдарын екті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы Ш. Мұртаза атындағы №30 мектеп-гимназиясының оқушыларымен бірге «Жасыл әлемді бірге құрайық!» атты экологиялық акцияға қатысты.

Акцияның мақсаты – ағаш тұқымдарын егу және өсіру арқылы мектеп оқушыларының табиғатқа деген ықыласын оятып, қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Ербол Қарашөкеев оқушылармен бірге қылқан жапырақты ағаш тұқымдарын (бозарша, арша, шырша, қарағай) екті.

Балалар көктемде еккен ағаш тұқымдарын оқу жылының соңына дейін сыныптарында бақылап, күтіп-баптайды. Жазғы демалыс кезінде олар жас өскіндерді үйлеріне апарып, күтім жасауды жалғастырады. Күзде сол көшеттерді мектеп ауласына отырғызу жоспарлануда.

Облыс әкімі еккен ағаш тұқымдарының өсіп-өнуін бақылауды мектеп-гимназияның президенті Мерей Дәулеткерей өз жауапкершілігіне алды.

– Таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі.

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алған болатын. Бүгінде бұл акция ел аумағында экологиялық тазалықты сақтау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды іс-шараға айналды.

Сіздер де туған жердің тазалығын сақтауға және оның көркеюіне өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаның тамаша көрінісін сақтау – әрбір азаматтың борышы.

Күз мезгілінде ағаш көшеттерін отырғызу рәсіміне куә болайық! – деген өңір басшысы балаларға оқуда озат болып, биік шыңдарды бағындыруларына тілектестігін білдірді.

Шара барысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Мен Қазақстан экологиясын жақсартуға қандай үлес қосамын?» атты облыстық шығармалар байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Байқауда 2 530 оқушы бақ сынап, оның ішінде 3 үздік шығарма иесі – Т. Рысқұлов ауданынан Нұрәли Керімбек, Жуалы ауданынан Айдын Артықбай және Тараз қаласынан Заңғар Айтбай жеңімпаз атанды.

Облыс әкімі жеңімпаздарға велосипед сертификаттарын табыстады.

Айта кетейік, Жамбыл облысында «Жасыл әлемді бірге құрайық!» акциясына 248 мектептің 10 375 оқушысы өз үлестерін қосты. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы білім бөлімдеріне ағаш тұқымдарын таратып, тұқым егу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар ұсынды.

  • 21.04.2025
  • 20
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика