- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды
02 сәуір 2025
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Халық қаһарманы, көрнекті композитор, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Әлқисса-Нұрғиса» атты мерейтойлық концерттің салтанатты ашылуы өтті.
Бұл концерт композитордың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар бағдарламасының бастамасы болды.
Кеште ұлы тұлғаның құрметіне Мемлекет басшысының атынан гүл шоқтары табыс етілді.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, белгілі музыканттар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, сондай-ақ еліміздегі өнер ұжымдары қатысты.
- 22.04.2025
- 14