- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ақтау қаласында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
05 сәуір 2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ақтау қаласында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
Ақтау қаласына Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы мәртебесін беру аясындағы ресми бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі халықаралық мәдени ұйымдар мен түркі елдерінің ведомстволары өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевпен өткен әңгіме барысында Ақтаудың Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде таңдалуының символдық мәніне ерекше назар аударылды. Сұлтан Раев министрді осы маңызды оқиғамен құттықтап, бұл мәртебенің маңызы тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл түркі елдері үшін аса жоғары екеніне тоқталды. Тараптар түркі әлемі елдері арасындағы мәдениет пен рухани мұра саласындағы диалогты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.
Түркі академиясының президенті Шахин Маджидоғлы Мустафаевпен кездесу барысында ғылыми және тарихи-мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, түркі өркениеті үшін ерекше маңызға ие ежелгі Сарайшық қалашығының аумағында археологиялық және этнографиялық симпозиум ұйымдастыру мәселесі қарастырылды.
- 22.04.2025
- 17