- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Мемлекет басшысы Ақтау қаласын Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болуымен құттықтады
06 сәуір 2025
Мемлекет басшысы Ақтау қаласын Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болуымен құттықтады
5 сәуірде «Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтті. Айтулы іс-шараға орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады.
Мемлекет басшысының құттықтауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді. Президент өзінің құттықтау хатында Ақтау қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы атануын еліміз үшін ғана емес, барлық бауырлас түркі мемлекеттері үшін маңызды оқиға ретінде атап өтті.
«Шежірелі Маңғыстау, қазыналы Үстірт аймағы тұтас түркі өркениетінің ажырамас бөлігі саналады. Киелі өлкеде ұлтымыздың, жалпы түркі дүниесінің сан ғасырлық рухани мұрасы сақталған. Тарихы тамырлас, дәстүрі сабақтас халықтардың ынтымақтастығын одан әрі нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы атаулы жылда бауырластығымызды бекемдей түсетін басқосулар ұйымдастырылып, маңызды шешімдер қабылданады деп сенемін. Түркі мемлекеттерінің ықпалдастығын арттыруға зор үлес қосып жүрген ТҮРКСОЙ ұйымына және осы іс-шараны ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Түбі бір түркі жұртының бірлігі нығая берсін!» – делінген хатта.
- 22.04.2025
- 18