- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
«Birlik» ансамблі Ақтауда өткен «Түркі биінің ырғағы» фестивалінде ерекше өнер көрсетті
08 сәуір 2025
«Birlik» ансамблі Ақтауда өткен «Түркі биінің ырғағы» фестивалінде ерекше өнер көрсетті
Қазақстандағы алғашқы көпұлтты «Birlik» ән-би ансамблі Ақтауда өткен «Түркі биінің ырғағы» халықаралық фестивалінің сахнасында өнер көрсетті.
Әртістер белгілі қазақ биі «Қара жорғаны» орындады. Көрермен де бұл өнерді қолдап, бишілермен бірге биледі.
«Birlik» ансамблімен бірге фестивальге тағы сегіз шығармашылық ұжым қатысты. Олар – өз саласының кәсіби мамандары, әр ұлттың рухы мен дәстүрін сахнада бейнелейтін өнерге адал жандар.
Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев атап өткендей, бұл фестиваль – тәжірибе алмасу мен шабыттануға, ортақ мәдени құндылықтарды бөлісуге мүмкіндік берген ерекше алаң болды. Іс-шара биыл Ақтауға берліген «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі аясында өтті.
- 22.04.2025
- 19