- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Астанада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің пленумы өтті
10 сәуір 2025
Астанада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің пленумы өтті
2025 жылдың 10 сәуірінде Астана қаласында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің III пленумы өтті. Іс-шараға «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтқан идеяларды жүзеге асыруға бағытталған ұйымның жұмысы мен нақты жоспарларын, сонымен қатар Жеңістің 80 жылдығы бойынша дайындық мәселелерін талқылады.
Аида Балаеваның айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес, ведомство арнайы жобаны дайындауды бастаған. Бұл құжатта мемлекеттің идеологиялық жұмысындағы мақсат- міндеттер мен басымдықтар айқындалады.
Сондай-ақ министрлік тарапынан ведомстволық марапаттарды тапсыру жүйесін реттеу және марапатталғандар тізімін жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҚР Парламентінің қарауына ономастика саласы мен қайырымдылық қаражаттарын жинаудың ашықтығына бағытталған заң жобаларының топтамасы ұсынылды.
- 22.04.2025
- 19