- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті
11 сәуір 2025
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті
Қазақ ұлттық хореография академиясында Жеңістің 80 жылдығына арналған
Халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті. Байқауға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстанның ұжымдары қатысты.
Фестиваль Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының қолдауымен өтті. Аталған қордың арқасында ТМД елдерінің шығармашыл жастарын біріктіретін осындай бірегей халықаралық жобалар ұйымдастырылуда.
Фестивальдің жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов министр Аида Балаеваның құттықтау сөзін оқыды.
- 22.04.2025
- 19