- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Арменияда Қазақстанның мәдени күндері басталды
18 сәуір 2025
Арменияда Қазақстанның мәдени күндері басталды
Бүгін Ереванда Армениядағы Қазақстанның мәдени күндері басталды. Бірлескен іс-шараларды өткізу Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға жасаған ресми сапары барысында мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдердің нәтижесінде мүмкін болды.
Қазақстанның ресми делегациясын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Армения астанасындағы мәдени күндер бағдарламасы қазақстандық фильмдер көрсетілімінен басталды. Бүгін «Москва» кинотеатрында көрермендерге режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алтын тақ» атты тарихи кинотуындысы мен Фархат Шәріповтің «Стоп, ночь» фильмі ұсынылды.
- 22.04.2025
- 20