- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Аида Балаева мен Жанна Андреасян мәдени ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады
18 сәуір 2025
Аида Балаева мен Жанна Андреасян мәдени ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады
Арменияда Қазақстанның мәдени күндері өтіп жатыр. Екі ел арасындағы жоғары деңгейде ұйымдастырылған алғашқы ірі мәдени іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде жүзеге асып отыр. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасянмен кездесті.
Тараптар мәдени ынтымақтастықтың келешегін талқылап, гуманитарлық байланыстарды қайта жаңғыртып, нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Әсіресе әдебиет, музыка, кино және ақпарат алмасу салаларындағы екіжақты жобаларды кеңейту қажеттігі атап өтілді.
- 22.04.2025
- 29