- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Ереванда Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды
19 сәуір 2025
Ереванда Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды
Арменияда өтіп жатқан Қазақстанның мәдени күндері аясында Ереван қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті. Айтулы оқиға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген мемлекеттер басшылары арасындағы келісім нәтижесінде жүзеге асты.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының ресми делегациясын бастап барған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян, Ереван қаласы мэрінің бірінші орынбасары Армен Памбухчян, Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Иманбаев, сондай-ақ қос елдің зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар мен армян астанасының қонақтары қатысты.
- 22.04.2025
- 23