- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Армениядағы Қазақстан мәдени күндеріне үш мыңнан астам адам қатысты
20 сәуір 2025
Армениядағы Қазақстан мәдени күндеріне үш мыңнан астам адам қатысты
Армения Республикасында өткен Қазақстан мәдени күндері аясында Арам Хачатурян атындағы концерт залында қазақстандық өнерпаздардың гала-концерті өтті. Ауқымды мәдени шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Ереван қаласына жасаған ресми сапары барысында Мемлекет басшыларының қол жеткізген келісімдері нәтижесінде ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі, ресми делегация басшысы Аида Балаева, Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян, Қазақстан Республикасының Армениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Иманбаев, сондай-ақ армян зиялы қауымы өкілдері, дипломатиялық корпус, шығармашылық одақтар, қазақ диаспорасы, ғалымдар, жазушылар мен мәдениет қайраткерлері қатысты.
- 22.04.2025
- 24