- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
ЕРЛІК БІЛЕКТЕ ЕМЕС, ЖҮРЕКТЕ
Бүгін сын сәтте ерлік көрсетіп, елдің ыстық ықыласына бөленген тараздық мектеп оқушысы Қыдырәлі Қыздарбекпен кездестім.
Ол өткен аптада облыс орталығында (Ұлы Дала шағынауданы) орын алған көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде батылдығымен көзге түсіп, жанашыр үлкендермен бірге балаларды құтқаруға атсалысқан.
Оның адамгершілік пен табандылыққа негізделген бұл әрекеті – тек замандастарына ғана емес, тұтас қоғамға үлгі.
Кездесуде ержүрек ұлға, оған қолдау білдірген сыныптастарына және рухы биік перзент тәрбиелеп өсірген ата-анасы мен ұстаздарына жамбылдықтардың атынан алғыс айтып, болашағына сәттілік тіледім.
Сондай-ақ оқиға кезінде күш біріктіріп, азаматтық танытқан тұрғындар мен ТЖД қызметкерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін!
Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын!
- 22.04.2025
- 27