• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Павлодар облысы: бірінші тоқсанның қорытындысы және екінші тоқсанның міндеттері

Павлодар облысының әкімдігінде өңір басшысы Асайын Байхановтың төрағалығымен 2025 жылдың I тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму, бюджеттің игерілуі және халықты жұмыспен қамту қорытындылары бойынша жиналыс өтті.

Ағымдағы жылдың үш айында өңірде барлық негізгі макро көрсеткіштер бойынша оң динамика тіркелді. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,1%, өнеркәсіптік өндірістің нақты көлем индексі 104,1% құрады. Өңдеу секторында (8%), сумен жабдықтауда (3,7%) және электрмен жабдықтауда (1,8%) өсім байқалады.

Өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 143 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығында жалпы өнімнің 5%-ға өсуі тіркелді, құрылыс жұмыстарының көлемі 33 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылғы деңгейден 1,3 есеге жоғары.

Бюджеттің игерілуі бойынша Павлодар облысы еліміздегі өңірлердің арасында 1-ші орында. Бюджет шығындары 128,9 млрд теңгені құрады, жоспар бойынша 129,2 млрд теңге (99,8%). Қаңтар-сәуір айларындағы кірістер бойынша бюджеттің игерілуі 100,4% құрайды деп күтілуде.

Облыс әкімі барлық нысаналы көрсеткіштердің орындалуына, әсіресе инвестиция тартуға бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Аудандар мен қалалардың басшыларына артта қалған бағыттарды жедел пысықтау тапсырылды.

Жұмыспен қамту мәселелері бойынша жыл басынан бері 5 671 жұмыс орны құрылғаны, оның ішінде 1 920 тұрақты жұмыс орны құрылғаны баяндалды. Алайда, «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» көрсеткіші бойынша Аққулы, Тереңкөл және Май аудандары артта қалып отыр.

Осыған байланысты өңір басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне өңірлік жұмыспен қамту картасының іске асырылуын бақылауды, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды күшейтуді, электрондық еңбек шарттарының тіркелуін және зейнетақы жарналарының аударылуын қадағалауды тапсырды.

Железин, Ертіс және Ақтоғай аудандарындағы көрсеткіштердің төмендігін ескере отырып, жиналыстың алғашқы 2 мәселесінің қорытындысы бойынша облыс әкімі осы аудандарда көшпелі жиналыстар өткізетінін хабарлады. Онда жұмыста жіберілген әрбір олқылық егжей-тегжейлі талданатын болады.

Сондай-ақ, жиналыста Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мамыр айының іс-шаралар жоспары ұсынылды. Өңірде 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. 1 мамырда Павлодарда мерекелік шеру, 7 мамырда республикалық әскери шерудің көрсетілімі, 9 мамырда Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталады, сондай-ақ, біржолғы төлемақылар алады.

Жиналыстың соңында Асайын Байханов барлық мерекелік іс-шараларды кеңінен жариялауды тапсырды және «AMANAT» партиясының депутаттарына аймақтың ескерткіштерін абаттандыру бастамасы үшін алғысын білдірді.

  • 23.04.2025
  • 27
Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика