• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Мырзабосынов Милан Олимпиадасының жолдамасына үміткер спортшылармен кездесті

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиадаға дайындалып жатқан ұлттық құрама мүшелерімен кездесті. Кездесуге конькимен жүгіру өкілі Евгений Кошкин мен ұлттық құрама бас бапкері Александр Панфилов және фристайл-могул спортшысы Анастасия Городко мен бас бапкер Елена Круглыхина қатысты.

Кездесуде Олимпиадаға дайындық барысы, спортшыларға жасалып жатқан жағдай мен алдағы жоспарлар талқыланды. Министр қазіргі кезде ұлттық құрама үшін нақты жұмыс жоспары бекітілгенін атап өтті. Бұл жоспар аясында медальға үміткер спортшылар іріктеліп, оларды жан-жақты қолдау көзделген.

«Бұл тек жаттығу жиындарын өткізу емес. Әр спортшыға жеке бағдарлама жасалады. Қалпына келу, медициналық және психологиялық қолдау, сараптамалық және әдістемелік көмек те қарастырылған», – деді Ербол Мырзабосынов.

Сонымен қатар министр жуырда қабылданған «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңа заңның маңызын айтып өтті. Бұл заң спортшылар мен жаттықтырушылардың мәртебесін көтеруге, бұқаралық спортты қолдауға және жалпы спорт саласын дамытуға бағытталған.

Министр кейінгі жылдары еліміздегі спорттық инфрақұрылым кезең-кезеңімен жаңартылып жатқанын айтты. Жаттығу базалары халықаралық стандарттарға сай жабдықталып келеді.

Айта кетейік, Евгений Кошкин биылғы маусымда 500 метрлік жарыста Әлем кубогінің екі кезеңінде топ жарып, Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. Ал Анастасия Городко жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мен Универсиадада үздік шықты. Сонымен қатар ол Әлем чемпионатының қола жүлдесін және Әлем кубогінің бірнеше кезеңінде жүлделі орындарды иеленді.

Кездесу соңында министр спортшылардың жетістіктеріне оң баға беріп, басты мақсат – Миланда өтетін Олимпиадада сәтті өнер көрсету екенін айтты.

  • 24.04.2025
  • 37
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика