- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Отан қорғаушы күніне арналған Қорғаныс министрінің құттықтау сөзі
Құрметті сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар, офицерлер, генералдар мен адмиралдар! Қадірлі отандастар!
Сіздерді маңызы ерек мамыр мерекелері – Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Біз бұл күндері батыр бабаларымыздың адамзат шежіресінде алтын әріптермен өшпестей жазылған Отан қорғаудағы жанқиярлық ерлігіне тағзым етеміз.
Халқымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында өз өмірлерін қиған патриоттардың алдында басымызды иеміз. Жеңімпаз ұрпақтың өшпес ерлігін дәріптей отырып, олардың даңқты жолын абыроймен жалғастырып жүрген Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілеріне құрмет көрсетеміз. Отан қорғаушылардың жоғары кәсібилігі, борышқа адалдығы мен ерік-жігері мемлекеттің қауіпсіздігі мен егемендігінің сенімді қалқанына айналды.
Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен армиямыз мемлекеттің қорғаныс әлеуетін нығайтып, жауынгерлік дағдысы мен жедел дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп келеді. Қазақстандық жауынгерлер елімізді халықаралық аренада таныта білді. Бітімгерлік операциялар мен халықаралық оқу-жаттығуларға қатысу Қарулы күштердің беделінің артып келе жатқан дәлелдейді. Біз бүгінде жауынгерлік кезекшілік атқарып жатқан әскери қызметшілердің әрқайсысын мақтан тұтамыз. Ел тыныштығын күзеткен сіздерді жауынгерлік рухтың, әскери тәртіп пен Отанға жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісі деп білеміз.
Құрметті ардагерлер!
Сіздердің даңқты жауынгерлік жолдарыңыз бүгінгі жас ұрпақ үшін өнегеге толы. Ел қорғаудағы баға жетпес еңбектеріңіз бен ерліктеріңізге шексіз құрмет көрсетеміз. Бүгінгі мереке күндері Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін күзететіп, мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту жолында адал қызмет етіп жүрген барша азаматтарға шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Барлық әскери қызметшілерге, соғыс және Қарулы күштердің ардагерлеріне, еліміздің азаматтарына зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілеймін.
- 07.05.2025
- 18