• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Қазақстан мен Вьетнам спорт саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламның сапары аясында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасында 2025–2027 жылдарға арналған спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Аталған құжат екі ел арасындағы спорт саласындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, ұлттық спорт федерациялары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға, спортшылар мен жаттықтырушылардың өзара сапарларын қолдауға бағытталған.

Атап айтқанда:

Спорт ақпараттарымен алмасу (іс-шаралар, ғылыми-әдістемелік тәжірибе, спорттық медицина, спорт инфрақұрылымы бойынша).
Тараптардың елдерінде басым спорт түрлерін (ауыр атлетика, күрес, бокс, вьетнамдық дәстүрлі жекпе-жек өнері және т.б.) дамытуда өзара қолдау көрсету.
Ұлттық спорт федерациялары мен ұйымдары арасындағы тікелей байланыстарды нығайту.
Допингке қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық.
Ғалымдар мен сарапшылардың конференциялар мен семинарларға қатысуын қолдау.

Меморандумда бірлескен жобаларды іске асыру тәртібі, әрбір іс-шараны қаржыландыру тетігі, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттері қосымша құжаттар негізінде нақты айқындалатыны көрсетілген.

Құжат бес жыл мерзімге арналған және тараптардың жазбаша келісімі негізінде өзгертілуі немесе ұзартылуы мүмкін.

  • 08.05.2025
  • 41
Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика