• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы аталып өтті

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған іс-шаралар тұлғаның туған жері – Жуалы ауданынан басталды. 

Еске алу шарасына ҚР Бас прокуроры Берік Асылов, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, қоғам қайраткері, жазушы, батырдың келіні Зейнеп Ахметова, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдардың өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Жиналғандар Бауыржан Момышұлын бір минут үнсіздікпен еске алып, ерлігіне құрмет көрсетіп, еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бұл күні Жуалы аудандық прокуратурасында Бауыржан Момышұлының мерейтойына орай мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ең әуелі ҚР Бас прокуроры Берік Асылов құттықтау сөз сөйледі. 

– Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп отыр. Осы айтулы даталар аясындағы іс-шаралар Жамбыл облысының Жуалы ауданынан бастау алды.

Бауыржан Момышұлы – туған жерін қорғауда ерліктің шыңына шығып, соғыстың қатал сынақтарында қайсарлық пен табандылықтың ерен үлгісін көрсетті. Батырдың халқына деген сүйіспеншілігі, ұлттық құндылықтарды сақтауға қосқан үлесі де ерекше. Оның қаламынан туған еңбектері, даналық сөздері – өскелең ұрпақ үшін рухани темірқазық.

Бауыржан Момышұлы – майдангер, батыр, жазушы ғана емес, ол 1931-1932 жылдары Жуалы ауданының прокуроры қызметін атқарған. Бұл – біз үшін зор мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік! – деді Бас прокурор.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бүгінгі игі іс-шаралар елдігімізді нығайтып, тарихты тануға зор үлес қосатынын атап өтті. 

– Батыр Баукең – әулиеата өңірінің ғана емес, күллі қазақ жұртының мақтанышы! Біз – Бауыржандай батыр ұлдың ұрпағымыз! Ендеше, сол асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап, аманатын адал атқарайық, – деді өңір басшысы.

– Қазақ халқы барда атамыздың аты өшпейді, халықпен мәңгі жасайды, – деген Зейнеп Ахметова елдің амандығын, жердің тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.

Көпшілікке аудандық прокуратура ғимаратында Бауыржан Момышұлына арналған «Тәртіпсіз ер болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында жасақталған танымдық бұрыш таныстырылды. 

Игілікті шара аясында қатысушылар ағаш көшеттерін отырғызды. 

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығын атап өту Жамбыл облысы прокуратурасының «Заңдылық» алаңында ескерткіш тақтаның ашылуымен жалғасты.

Облыс прокуратурасының бастамасымен ашылған тақта – қазақтың батыр ұлы, Жуалы ауданының прокуроры қызметін атқарған Бауыржан Момышұлы мен Ұлы Отан соғысына қатысқан прокурорлардың құрметіне орнатылды.

Тағылымды шарада жас прокурорлар ант қабылдады.

  • 12.05.2025
  • 5
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика