• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Мырзабосынов Қытай тарапымен екіжақты келіссөз жүргізді

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің спорт министрлері кеңесі аясында Қытай Халық Республикасының дене шынықтыру және спорт істері жөніндегі Бас мемлекеттік басқармасының жетекшісі Гао Чжиданмен кездесті.

Ербол Мырзабосынов Қытайдың халықаралық спорт аренасындағы жетістіктерін жоғары бағалап, екі елдің салалық ведомстволары арасындағы әріптестікті тереңдету спорт саласының дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

Кездесуде спорт саласында 1998 жылдан қолданылып келе жатқан келісімді жаңартатын жаңа ынтымақтастық жобасына ерекше назар аударылды. Құжатқа 2025 жылдың соңына дейін қол қою жоспарланып отыр.

«Ең алдымен, Қытай Халық Республикасының спорт саласындағы жетістіктеріне деген ерекше құрметімді білдіргім келеді. Қытай – спортшылар дайындау, спорт ғылымына инновациялық тәсілдерді енгізу және саламатты өмір салтын насихаттау бойынша әлемде көшбасшы елдердің бірі. Елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту спорт саласының дамуына тың серпін беретініне сенімдімін», – деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.

Тараптар бірлескен оқу-жаттығу жиындары мен спортшылар арасында тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.

«Біз Қазақстанның спорттағы жетістіктерін, әсіресе ауыр атлетика, дзюдо, бокс және күрес түрлеріндегі нәтижелерін зор ықыласпен бақылап отырамыз. Қазақстандық спортшылардың деңгейі, техникасы мен жарысқа дайындығы қарқынды өсіп келе жатқаны байқалады. Қазақстан халықаралық аренада өз орнын айқындап, бірқатар олимпиадалық спорт түрлерінде көшбасшы елге айналып келеді. Біз екіжақты әріптестікті кеңейтуге шын жүректен мүдделіміз, спортшыларымыздың кәсіби өсуіне жағдай жасау мақсатында бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Гао Чжидань.

Кездесу соңында Ербол Мырзабосынов Қытай спортшыларын Алматыдағы «Алматы» олимпиадаға дайындық орталығында өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақырды. Осы арқылы екі елдің спортшылары тәжірибе алмасып, дайындықтың тактикалық әрі техникалық қыр-сырын бірлесе пысықтайды.

  • 21.05.2025
  • 13
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика