• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбылдық оқушылардың 88,5 пайызы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамтылады

Жамбыл облысында жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен 1-10 сынып оқушыларының 88,5 пайызы, яғни әлеуметтік осал санаттағы 7 469 баланы қоса алғанда, шамамен 192 867 оқушы қамтылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтты.

Басқосу барысында Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары талқыланды. 

Жамбыл облысында 2024–2025 оқу жылы 23 мамырда аяқталады.

Биыл 523 орта білім беру ұйымын 247 422 оқушы аяқтайды. Оның ішінде 23 462 бала 9-сыныпты, 14 570 жасөспірім 11-сыныпты бітіргелі отыр.

714 жас түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне (2024 ж. - 388), 990 мектеп бітіруші үздік аттестатқа (2024 ж. - 809) үміткер.

Облыс аумағында екі Ұлттық бірыңғай тестілеу пункті жұмыс істейді. 11 сыныпты тәмамдайтын 14 570 түлектің 12 091-і ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірді. 

Басқарма басшысы баяндамасында оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары туралы да сөз қозғады. 

Жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен 1-10 сынып оқушыларының 88,5 пайызы, яғни 192 867 бала қамтылады деп күтілуде.

Бүгінде 7 сауықтыру лагерлері мен орталықтары балаларды қабылдау бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде. 

Ал 407 мектеп жанындағы лагерге 2 маусымнан бастап 33 607 бала барады деп жоспарланған. 

Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорының демеушілік есебінен 593 бала қала сыртындағы лагерлерде, 1300-ден астам оқушы еліміздің басқа өңірлеріндегі орталықтарда жазғы демалысын өткізеді. 

Республикалық және облыстық деңгейдегі түрлі байқаулар мен жарыстарда жеңіске жеткен 295 оқушы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 20 бала Алматы қаласындағы «Бөбек» сауықтыру орталығына жолдама алады.

Облыс әкімі балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – аса маңызды міндеттердің бірі екенін баса айтып, ең әуелі қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертті. 

Сондай-ақ соңғы қоңырау, аттестат алу шаралары аяқталған соң оқушылардың автошеру ұйымдастыру, мейрамханаларда атап өту жоспарлары да болуы мүмкін екендігін алға тартып, білім бөлімдері, мектеп басшылары бұл жағдайларды қатаң бақылауға алу керектігін айтты.

Ербол Қарашөкеев оқушылар мен олардың ата-аналары арасында түсіндіру жұмыстарын нығайтуды, жазғы лагерлер мен сауықтыру орталықтарына бақылауды күшейтуді, ас мәзірін үнемі назарда ұстауды талап етті. 

Тараз қаласы мен аудандар әкімдеріне білім басқармасымен бірлесе, қолданыстағы маусымдық лагерлер мен сауықтыру орталықтарының жай-күйін зерделеуге 2 апта уақыт берді. 

– Өңірімізде әсем табиғат аясында орналасқан балаларды сауықтыру лагерлері бар. Ендігі мақсат – осы нысандардың әлеуетін тиімді пайдалану арқылы балаларға барынша қолайлы жағдай жасап, қауіпсіздік мәселесін басты назарда ұстау. Бұл бағытта жұмыс істеуге барлық мүмкіндік бар, – деді өңір басшысы.

Сонымен бірге «Алтын белгі» иегерлерін анықтау кезінде білім басқармасы жанынан құрылған комиссия заңсыз әрекеттерге жол бермей, тәуелсіз әрекет етуі тиіс екенін атап өтті.

Облыс әкімі шомылу маусымы кезеңінде де қауіпсіздік жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды міндеттеді. 

  • 22.05.2025
  • 6
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика