• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңір басшысы Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына барды

Өңір басшысы Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына барып, көктемгі егіс жұмыстарының барысымен, инфрақұрылым және инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты, сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша жиналыс өткізді.

Облыс әкімінің жұмыс сапары «Жангобек» ЖШС-нің егіс алқабында шаруа қожалықтардың өкілдерімен кездесуден басталды. Кездесу барысында егіс науқанының ерекшеліктері, жанар-жағармайдың қолжетімділігі, минералды тыңайтқыштарды пайдалану, шаруашылықтарды техникалық жарақтандыру және тұқыммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, өңір басшысы топырақтың ылғалдылығы мен өнімділігін, электр энергиясымен қамтамасыз етілуін және егіс кезеңінде мемлекеттік қолдау шараларын сұрады.

Ағымдағы жылы Ақтоғай ауданындағы егіс алқаптары 5,7%-ға ұлғайып, 74 мың га астам жерді құрады. Басты назар дәнді дақылдарға (50 мың га), жем-шөпке (11 мың га), майлы дақылдарға (9 мың га) және картопқа (2,7 мың га) аударылды. Бүгінгі таңда көктемгі дала жұмыстары 91%-ға аяқталды, бұл облыстық орташа көрсеткіштен (81%) асып тұр.

Аудан фермерлері 3,3 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыш сатып алды - бұл ұсынылған көлемнің 52,2%. Әкімдік пен фермерлер арасындағы меморандумға сәйкес қалған бөлігі жазғы-күзгі кезеңде сатып алынады. Сонымен қатар, ауданға 643 млн теңгеге 8 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасы жеткізілді.

Фермерлердің айтуынша, жеңілдетілген жанар-жағармай алу үшін берілген барлық өтінімдер қанағаттандырылған, «Кең дала» несиелеу бағдарламасы толық көлемде қаржыландырылып, 100% тұқыммен қамтамасыз етілген. Облыс әкімі жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың маңыздылығына баса назар аударды.

- Астықтың әрбір тоннасы мен егістіктің әр гектары - бұл азық-түлік қауіпсіздігіне қосқан үлес. Біз диқаншылардың еңбегін қолдауға міндеттіміз, - деп атап өтті Асайын Байханов.

Жұмыс сапары аясында облыс басшысы іске асырылып жатқан ауқымды ауыл шаруашылығы жобаларымен де танысты. Қожамжар ауылында «G-Agro PV» ЖШС 46 бірлік жаңбырлатып суаратын машина сатып алып, 861 га алқапты суармалы жерлерге айналдыру жобасын іске асыруда. Инвестициялардың жалпы көлемі 2,2 млрд теңгені құрайды, жобаны 2025-2029 жылдары іске асыру жоспарланған. Сондай-ақ, 12 мың га егіс алқабы және 50 мың тонна астық қоймасы бар «Ақтоғай Агро» ЖШС-нің өндірістік қуаттары қаралды.

Сапар барысында инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қараоба ауылында өңір басшысы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барып, жаңа спорт нысанының құрылысын тексерді.

Мүткенов ауылында 3 км көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстарға 129 млн теңге бөлініп, бонустық трансферттер есебінен қаржыландырылуда. Осылайша, облыс әкімімен кездесуде тұрғындардың көтерген мәселесі іске асырылатын болады.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдағы апатты жағдайдағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілуде. Жұмыстар ағымдағы жылдың ақпан айында басталып, шілде айында аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, Асайын Байханов Ақтоғай ауылында кезекте тұрған азаматтар үшін салынып жатқан 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысын тексеріп, жобаны белгіленген мерзімде барлық сапа талаптарын сақтай отырып аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, құрылысын ағымдағы жылдың соңында бастау жоспарланып отырған тағы бір осындай көппәтерлі үйдің жобасымен танысты.

Сондай-ақ, Абай атындағы орта мектептің, Ақтоғай балалар өнер мектебінің оқушыларымен және оқытушыларымен кездесіп, балалар шығармашылығы мен қосымша білім беруді қолдау шараларын талқылады.

Сапар қорытындысы бойынша аудан басшылығы мен шаруашылық жүргізуші субъектілер өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті. Онда Асайын Байханов негізгі басым бағыттарды атап өтті: инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жандандыру, әлеуметтік сала нысандарының сапасын бақылауды қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысының қарқынын жылдамдату, халықты жұмысқа орналастыру бойынша шараларды күшейту және ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыру.

- Ауданды басқару - бұл нәтижеге және тұрғындардың сеніміне бағытталған командалық жұмыс.

  • 22.05.2025
  • 7
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика