• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Асайын Байханов туристік маусымға дайындық және азық-түлік бағасын тұрақтандырудағы негізгі басымдықтарды айқындап берді

Әкімдікте жазғы туристік маусымға дайындық және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері талқыланды.

Өңір басшысы туризмді дамыту облыстың экономикалық өсуінің стратегиялық басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Өңірдің туристік әлеуеті тиімді іске асырылуы тиіс, яғни, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға баса назар аудару қажет.

2024 жылы өңірге 240 мыңнан астам турист келді, олардың 160 мыңнан астамы Баянауыл демалыс аймағын таңдаған. Биыл бұл көрсеткішті 267 мың адамға дейін арттыру міндеті тұр.

Асайын Байханов туристік маусымды кешенді түрде ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.

- Біз жағажайлар мен инфрақұрылымның санитарлық жағдайын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуден бастап байланыс пен интернеттің тұрақты жұмыс істеуіне дейін қадағалап, жайлы демалысты қамтамасыз етуіміз керек. Бұл жай ғана міндет емес, бейінді басқарманың және әрбір әкімінің тікелей жауапкершілігі, - деп атап өтті.

Жазғы кезеңдегі негізгі туристік бағыттар дәстүрлі түрде Баянауыл, Маралды көлі, Шалдай, сондай-ақ, Павлодар мен оның айналасы болып табылады. Өңірде бір уақытта 9 мыңға жуық адамды қабылдай алатын 139 орналасу нысаны жұмыс істейді. Сонымен қатар, келушілердің саны жыл сайын артып келе жатқан Тұзқала, Солнечный кентіндегі жағажай, киелі нысандар - Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Ғабдул Уахит Хазрет, Исабек Ишан Хазрет кесенелері және басқалары танымал орындардың қатарында қала береді.

Сонымен қатар, тұрғындар мен туристерге демалыс орындарының кең спектрі ұсынылады: Riviera жағажайы (жылы ағыста), «Адреналин» страйкбол клубы, «Sunsup» сапбордпен серуендеу, «Wake Park», күмбезді үйлер, Кенжекөл ауылындағы «Щучье» демалыс аймағы, Павлодар ауылындағы белсенді демалыс орталығы және Павлодар ауданындағы қарағайлы орман.

Облыс аумағында барлығы 47 жағажай бар. Оның 20-сы жабдықталып, жеке бизнеске бекітілген, ал 27-сі коммуналдық.

Алдағы туристік маусым бірден бірнеше бағытты қамтиды: іс-шаралық, спорттық және емдік-сауықтыру туризмі.

Туристік маусымның ашылуы Баянауыл ауданында 14 маусымға жоспарланған. 1 маусымнан бастап «Ertis Promenade» сахнасында мәдени бағдарламалар басталады. Онда И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның камералық хорының концерттері, отандық кинофильмдердің көрсетілімдері, сондай-ақ, халықаралық би жарыстары жоспарланған.

Спорттық іс-шараларға да ерекше назар аударылады: 7-8 маусым күндері Екібастұзда Ekibastuz Half Marathon, Баянауылда BAYANAUL trail жарысы, сондай-ақ, акробатика және батут гимнастикасынан дәстүрлі «Ертіс меридианы» слеті мен «Иртышские зори» халықаралық турнирі өтеді.

Көліктік қолжетімділікті арттыру үшін автобус бағыттары ұйымдастырылды: Павлодар - Баянауыл, Шалдай - Павлодар, Бесқарағай - Аққулы - Павлодар, Екібастұз - Павлодар және т.б. 20 маусым мен 31 тамыз аралығында «Павлодар-Достық» поезына тіркелетін вагондарды қоса алғанда, 11 қосымша теміржол маршруттары іске қосылады.

Демалыс аймақтарының санитарлық жағдайы мәселелері жеке қаралды. Өңір басшысы жағажайдағы жабдықтарға түгендеу жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тораптардың жұмысын қамтамасыз етуді, қосымша ақпараттық тақтайшалар орнатуды, аумақтарды тазалау мен абаттандыруды жүргізуді тапсырды.

Туристік бағыттардағы ұялы байланыстың сапасына ерекше назар аудару тапсырылды. Цифрлық даму басқармасының алдына барлық техникалық іс-шараларды маусым басталғанға дейін аяқтау міндеті қойылды.

- Баянауыл және Шарбақты аудандарына, сондай-ақ, Екібастұз қаласына жоспарланған келесі жұмыс сапары кезінде демалыс аймақтарының, оның ішінде өткен жылы тазалығына шағымдар түскен Солнечный кентіндегі жағажайдың жай-күйін тексеретін боламын, - деді Асайын Байханов.

Сондай-ақ, облыс әкімі өткен жылы аймақта 8 адам, оның ішінде 2 бала суға батып кеткенін еске салды.

Осыған байланысты: су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша арнайы штаб құру, рұқсат етілмеген демалыс орындарын бақылауды күшейту, шомылуға рұқсат етілген аймақтардың тізімін жариялау, халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

- Осы бағыттағы барлық қажетті жұмыстарды үйлестіру қажет. Бұл жұмыстар үшін жауапкершілік табиғи және жасанды су қоймалары орналасқан аудандардың әкімдері мен депутаттарына жүктеледі. Қауіпсіздік - бірінші кезекте, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Жиналыстың екінші бөлігінде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды.

Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың 15 түрі бойынша облыстағы бағалар орташа республикалық бағадан төмен деңгейде сақталып отыр. Мониторинг мәліметтері бойынша, жыл басынан бері қарақұмық, май, пияз және сәбіздің бағасының өсуі тіркелді. Бұған маусымдық өзгерістер мен көтерме бағамен жеткізілетін шикізат құнының өсуі себеп болды. Сонымен қатар, күріш, ұн, жұмыртқа, макарон және қырыққабат бағаларының төмендеуі байқалады.

Бағаның өсуін тежеу үшін тұрақтандыру қоры жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі күні онда 2,2 млрд теңгеге 10,7 мың тонна өнім сақтаулы тұр. Сатылым 210 серіктес дүкен арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, көкөністерге алдын ала тапсырыс беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, сауда желілерін қолдауға «айналым схемасы» аясында 433 млн теңге бағытталды. Тұрақты жәрмеңкелер жалғасуда: жыл басынан бері облыс орталығында 16 жәрмеңке, облыс бойынша - 196 жәрмеңке өткізілді.

Бағаның алыпсатарлық өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстарды Делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі арнайы комиссия үйлестіреді. Жыл басынан бері 12 отырыс өткізіліп, ашық емес 16 тізбек жойылды.

- Мамыр айының соңына дейін барлық әкімдер мен салалық басқармалардың басшыларынан атқарылған жұмыстар туралы толық жазбаша есептер күтемін. Бағаларды бақылауды жандандыруды және рұқсат етілген 15%-дық сауда үстемесінің, әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасынның негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырамын, - деді облыс әкімі.

- Баға және жайлы демалыс мәселелері - бұл маусымдық міндет емес, тұрақты жұмыс. Ол үшін жеке бастарыңызбен жауаптысыздар. Адамдар бізден нақты нәтиже күтеді, ал біз бір қадам алда болуымыз керек, - деп түйіндеді Асайын Байханов.

  • 22.05.2025
  • 37
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика