• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодарда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Естай атындағы мәдениет сарайында мәдениет қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Осынау айтулы күні өңірдің рухани кеңістігін қалыптастыруға және Ертіс өңірінің мәдени мұрасын сақтап, оны көбейтуге үлес қосып жатқан жандар салтанатты түрде марапатқа ие болды.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәдениет және өнер қайраткерлерін құттықтап, олардың қоғамды дамытудағы және өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеудегі рөлін атап өтті. Өз сөзінде өңір басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Мәдениет - ұлттың бет-бейнесін айқындайды. Әлем жұртшылығы елімізді ең алдымен біздің өнеріміз арқылы таниды» деген сөзін еске салды.

Өңір басшысы мәдениет саласындағы жетістіктердің артында 4 мыңнан астам маманның қажырлы және жауапты жұмысы тұрғанын атап өтті. Павлодар облысында мәдени инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, соңғы екі жылда 30-дан астам мәдениет нысаны жөнделіп, 8 жаңа мәдениет үйі салынды. 2025 жылы саланы одан әрі дамытуға шамамен 2 млрд теңге қарастырылған.

Әсіресе ауыл мәдениетін қолдауға ерекше назар аударылуда. Алғабас, Жетекші, Мичурин және Қызылағаш ауылдарында заманауи мәдени орталықтар салынуда. Сегіз кітапхана жаңартылуда. «Достық» шағын ауданында 1500 орындық конгресс-холл салу жоспарланған.

2025 жылы бірқатар маңызды мерейтойлар атап өтіледі: ұлы композитор және қоғам қайраткері Жаяу Мұсаның туғанына 190 жыл, әнші Майра Шамсутдинованың туғанына 135 жыл, ақын және композитор Иса Байзақовқа 125 жыл, мәдениет саласына еңбек сіңірген қайраткер Қалмұқан Исабаевтың туғанына 100 жыл толады. Осы күндерге орайластырылып «Жастар-time», «Кітап және қаламгер», «Бір әннің тарихы», «Бабалар үні», «Ән-АМАНАТ» сияқты бірқатар мәдени жобаларды өткізу жоспарлаған. Алғаш рет көпшілік үшін классикалық музыка концерттері ұйымдастырылады және бұл халық арасында жоғары өнерді дәріптеудің жаңа кезеңі болмақ.

Сонымен қатар, облыс әкімі Ертіс өңірінің рухани мұрасын сақтау мен дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін мәдениет саласының 30 өкіліне марапаттар табыс етті. Жүсіпбек Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Талжібек Атамбек және Иса Байзақов атындағы филармонияның джаз-оркестрінің көркемдік жетекшісі Виктор Шейкин «Құрмет» орденімен марапатталды.

Филармония әртісі Асылбек Әбдікәрімов, қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Рауза Тәжібаева және «Ертіс әуендері» хорының көркемдік жетекшісі Тамара Дорошенко «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

Өңірдің мәдени өмірін дамытуға қосқан үлестері үшін ауылдық мәдениет үйлерінің, мұражайлардың, кітапханалар мен мұрағаттардың қызметкерлері де құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік іс-шара облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.

Сондай-ақ мереке қарсаңында облыс әкімі Асайын Байханов Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының және А. П. Чехов атындағы драма театрының ұжымдарына сыйымдылығы 57 адамға лайықталған жаңа жайлы автобустардың кілттерін табыс етті. «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығына заманауи «ГАЗель Next» шағын автобусы берілді.

  • 22.05.2025
  • 7
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика