- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісу облысында үздік мәдениет мекемелері анықталды
Жетісу облысында мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне арналған салтанатты жиын өтіп, аймақтағы саланың бірқатар мамандарына еселі еңбегі үшін мемлекеттік наградалар тапсырылды. Сол сияқты 16 номинация бойынша үздіктер анықталды.
Салтанатты жиынға қатысушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, мереке қарсаңында Президенттің Бикен Римова атындағы драма театрына 50 жылдық мерейтойына орай академиялық мәртебе беру туралы ұсыныс білдіргенін атап өттім. Сондай-ақ жерлесіміз, актер, театрдың көркемдік жетекшісі Сағындық Жұмаділ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын Мемлекет басшысының қолынан алған болатын.
Мәдениет – тек іс-шаралардың жиынтығы ғана емес, ол – бүгінгі жаңа, әділетті қоғам құру жолындағы, сананы жаңғыртудағы басты бағыттың бірі. Өнер қашанда көңілді көркейтеді, жүректі тазалайды, жанға азық береді. Бұл ретте жасампаздыққа бастайтын да, қоғам құндылықтарын қалыптастыратын да – өркенді мәдениет, өрелі өнер. Осы киелі өлкеде мәдениет саласын заман талабына сай лайықты дамыту – біздің басты міндетіміздің бірі.
- 23.05.2025
- 24