• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Успен ауданына барды

Жұмыс сапары аясында өңір басшысы шаруа және фермер қожалықтарының басшыларымен кездесулер өткізіп, көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты, сондай-ақ аудан аумағында ағымдағы жылы іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларды тексерді.

Успен ауданындағы егістік алқабы 251,8 мың гектарды қамтиды, оның ішінде 139 мың гектарды дәнді дақылдар,  ал 82,7 мың гектарды майлы дақылдар алып жатыр. Диқаншылар барлық қажетті техникамен және ресурстармен қамтамасыз етілген. Ауданға 3,3 мың тонна дизель отыны жеткізіліп, оның 2,6 мың тоннасы берілді. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша минералды тыңайтқыштарды себу бойынша жұмыстар жандандырылды: қазірдің өзінде 9,4 мың тонна себілді, ал жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 17,7 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлемі 2 199,8 млн теңгені құрады.

Асайын Байханов егіс алқаптарын әртараптандырудың маңыздылығын атап өтті.

- Астық бағасының төмендеуі және өңдеуші кәсіпорындар санының артуына байланысты нарықтағы бағасы жыл сайын өсіп келе жатқан майлы дақылдардың егіс алқабын ұлғайту қажет. Биылғы жылы ауданда егілген майлы дақылдарының өсімі 10% құрап отыр, алайда бұл жеткіліксіз. Бізге теңдестірілген тәсіл керек, яғни, майлы және дәнді дақылдардың арақатынасы 50-де 50 болу қажет. Бұл жай ғана сәнді үрдіс емес, нарықтық және климаттық жағдайлардың өзгеруіне байланысты объективті қажеттілік, - деп атап өтті өңір басшысы.

Сапар барысында облыс әкімі «Ч.К.У.» фермерлік шаруашылығында бидай мен күнбағыстың егіс алқаптарын қарап, егіс науқанына жұмылдырылған ауыл шаруашылығы техникаларымен танысты. Кәсіпорын заманауи инфрақұрылымдық шешімдерді белсенді енгізуде: жаңа астық кептіргіш салынды, ағаш ұстасы цехы, қоймалар, жабық салмақ өлшеу цехы, ауыл шаруашылығы жабдықтарын қалпына келтіру шеберханасы жұмыс істейді. Техника паркі де тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Одан кейін өңір басшысы 2015 жылы диқаншылардың үшінші буын ұрпағы - екі ағайынды негізін қалаған «Жалайыр» фермерлік қожалығына барды. Шаруашылық шамамен 400 гектар жерді өңдеуде және биыл алғаш рет күнбағыс өсіруді бастаған. Сондай-ақ, мұнда топырақтағы ылғалды сақтауға бағытталған авторлық агротехнологиялар енгізілуде. Егіс жұмыстары «Кең дала» мемлекеттік бағдарламасы арқылы алынған қаражат есебінен жүргізілуде.

Облыс басшысы шағын фермерлік қожалықтарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті:

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ел Үкіметі кәсіпкерлікті, әсіресе оны ауылдық жерлерде дамытуды басты міндет етіп отыр. Аграрлық сектор экономика мен азық-түлік тәуелсіздігін нығайтудың кілті болып табылады. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында өнімнің өзіндік құны төмендейді және азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Ірі агроөнеркәсіптік кешендер туралы ғана емес, сонымен қатар сіздер сияқты да шаруашылықтарды көрсету өте маңызды. Барлығы шағыннан басталады. Бүгінгі күні 700 мың гектар жерді өңдеп отырғандар да кезінде осылай бастаған, - деп атап өтті Асайын Байханов.

Сонымен қатар, облыс әкімі ағымдағы жылдың басында жұмысын бастаған Александр Хлебконың жеке наубайханасында болды. Кәсіпорын бір ауысымда 250-ге дейін 16 түрлі нан шығарады. Жабдықтарды сатып алуға кәсіпкер «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5%-бен 6,2 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды, ал наубайхана ғимаратын өз қаражаты есебінен салған.

Успен ауылында Асайын Байханов «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бассейн құрылысының барысымен танысты. Жұмыстар сәуір айында басталды: темірбетон бағаналары құйылуда, инженерлік желілер төселуде, модульдік қазандық және инфрақұрылымның басқа да элементтері орнатылуда. Ғимараттың жалпы ауданы 725,1 шаршы метрді құрайды, бассейннің өлшемі 25×7 м, тереңдігі 2 метрге дейін.

Успен ауданының әкімі Нұрболат Мақашев 2025 жылға жоспарланған 15 жобаның іске асырылу барысы туралы баяндады. Оның ішінде: 6 - инфрақұрылымдық, 5 - әлеуметтік, 4 - абаттандыру жобасы бар.

Негізгі бастамалардың қатарында: Ковалевка, Қаратай, Қызылағаш, Таволжан және Қозыкеткен ауылдарындағы ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу, Успен мен Ковалевкадағы үш мектепті қайта жаңарту, Равнополь, Ковалевка және Қызылағашта балалар мен спорт алаңдарын орнату, Надаровка мен Травянка ауылдарында су құбырларын салу.

Өңір басшысының жұмыс сапары «Галицкое» ЖШС-нің тазартылмаған күнбағыс майын өндіретін зауытына барумен аяқталды. Кәсіпорын тәулігіне 3,6 тоннаға дейін шикізат өңдейді және жылына 1200 тоннаға дейін май шығарады. Жобаны іске асыруға 120 млн теңге жеке инвестиция салынған. «Галицкое» ЖШС өндіріп отырған тазартылмаған күнбағыс майы ішкі нарықта жоқтың қасы.

Сапар қорытындысы бойынша Асайын Байханов агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту, шағын бизнесті қолдау, жаңа өндірістер құру және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы ауылдық аумақтарды дамытуға кешенді көзқарастың маңыздылығын атап өтті.

  • 27.05.2025
  • 17
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика