- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Шарбақты ауданына барып қайтты
Жұмыс сапары барысында өңір басшысы фермерлермен кездесулер өткізіп, егіс алқаптарын, өңдеу кәсіпорындарын, сондай-ақ туристік нысандарды аралады.
2025 жылы ауданның егіс алқабы 213,2 мың гектарды құрайды, оның ішінде 137,6 мың гектарға дәнді дақылдар себіледі. 10,2 мың тонна минералды тыңайтқыштар және 3,2 мың тонна жанар-жағармай сатып алынды. Ауыл шаруашылығы техникасымен 100% қамтамасыз етілген.
Фермерлермен кездесуде Асайын Байханов мемлекеттік қолдау шараларын, агросектордың міндеттерін және егіс алқаптарын әртараптандыру мәселелерін талқылады.
Одан кейін 1999 жылдан бастап күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұрған, сондай-ақ майлы және дәнді дақылдарды өсіруге маманданған «Сосновское» ЖШС-не барды. Әкімге заманауи ауыл шаруашылығы техникалары мен егістік алқаптары көрсетілді. Шаруашылықтың басшысы Сергей Фоменконың айтуынша, олар егіншіліктің заманауи тәсілдерін белсенді қолданады және агротехнологиялық мерзімдерді қатаң сақтайды, ал бұл өз кезегінде тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді.
Сапар барысында облыс әкімі жармалар өндіретін ЖК «Жолнеркевич» цехына барды. 2012 жылдан бастап кәсіпорын жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін өңдеумен айналысады және «Царская каша» брендімен тары, арпа, қарақұмық, арпа жармасын шығарады. Өнімдер ішкі нарыққа, ТМД және Еуропа елдеріне де жеткізіледі.
Кәсіпорынның жобалық қуаты - тәулігіне 7 тонна тары, 2 тонна арпа, 10 тонна бидай және 1 тонна арпа. Цехта 40 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын қуаттылығы тәулігіне 30 тоннаға дейін сұлы өңдейтін жаңа желіні іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаға «Даму» Қоры арқылы қолдау көрсетіледі және бұл өнімнің түрлері мен өткізу нарықтарын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Әкім кәсіпорын өнімдерін мемлекеттік сатып алу жүйесіне енгізу мүмкіндігін пысықтауды тапсырды:
- Кейде мектептер мен балабақшалардың басқа аймақтардан, тіпті елдерден жарма алатынын көреміз. Ал, бірақ, өзіміздің сапалы өндірісіміз бар. Сондай-ақ, жақын арада ассортиментке сұлы қосылады - бұл пайдалы әрі сұранысқа ие өнім. Біз өзіміз де осындай тағаммен өскенбіз, - деп атап өтті Асайын Байханов.
Шарбақты ауылында өңір басшысы жөндеуден өткен Әлімбаев көшесін (2 км) тексеріп, Алексеевка мектебінің шағын орталығын, халық шығармашылығы орталығының ғимаратын және Шарбақты мен Красиловка ауылдарындағы екі балабақшаны күрделі жөндеу, сондай-ақ Шарбақты және Шалдай ауылдарындағы ауылішілік жолдарды қайта жаңартуды қоса алғанда, сегіз басым жобаны іске асыру туралы аудан әкімінің баяндамасын тыңдады.
Сондай-ақ, әкім 2023 жылы құрылған «Антошка» шаруа қожалығына барды. Бүгінде мұнда 370-тен астам жылқы мен 100-ге жуық қой бордақыланады. Шаруашылық басшысы Владимир Тароланың айтуынша, бүгінгі таңда кәсіпорын тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отыр.
Сапар барысында абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шарбақты ауылының оңтүстік бөлігінде осы ауданның тумасы, облыстық мәслихат депутаты және кәсіпкер Виталий Соломкиннің демеушілік қаражаты есебінен салынған жаңа сквер мен шағын футбол алаңымен танысты. Нысандарды 1 маусымға дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Жаңа сквер жастар мен отбасылар үшін жайлы демалыс орнына айналып, ауылдың инфрақұрылымы мен сыртқы келбетін жақсарта түседі.
Өңір басшысының жұмыс сапары Маралды көлінің туристік аймағын жаяу аралаумен аяқталды. Демалыс аймағының басшысы Гүлмира Отарғалиева 14 маусымда ашылатын туристік аймақтың маусымға дайындығы туралы айтты. Аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді, жуынатын бөлмелері жаңартылды, тамақ әзірлейтін аймақтары, шатырлар мен отыратын орындар орнатылды, электр желілері жаңғыртылды.
Облыс әкімі аудан әкіміне ӘКК және сәулет басқармасымен бірлесіп, Маралды көлінің аумағын кешенді абаттандыру жобасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ автотұрақтар, жаяу жүргіншілер жолдарын, көшелерді жарықтандыру және сауда павильондарын құру тапсырылды. Үлгі ретінде Павлодар жағалауын пайдалану ұсынылды.
Асайын Байханов туризмді дамытуға инвестиция салудың маңыздылығын атап өтті:
- Маралды көліне жыл сайын 46 мыңнан астам адам келеді.
Туризм - бұл демалыс қана емес, экономика, жұмыс орындары және ауылдық инфрақұрылымды дамыту, - деп атап өтті өңір басшысы.
- 27.05.2025
- 16