• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Баянауыл ауданына барды

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Баянауыл ауданына барып, туристік маусымға дайындықты және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын тексерді.

Өңір басшысы бірқатар нысандарды аралады. Соның ішінде 1958 жылы салынған Майқайың кентіндегі балалар музыка мектебінің ғимараты бар. Қалқанша жақтауы бар екі қабатты ғимарат апатты деп танылған және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты оны бұзу және жаңа, заманауи оқу кешенін жобалау туралы шешім қабылданды. Бұған дейін осы музыка мектебінде домбыра, фортепиано, вокал, поэзия, ағаш ою және бейнелеу өнері бойынша үйірмелер жұмыс істеген. Қазіргі уақытта 313 бала шығармашылықпен Майқайыңдағы «Кенші» мәдениет үйінің ғимаратында айналысуда. 

Облыс әкімі бейінді басқармаларға Баянауыл ауданының Майқайың кентінде және Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылында ауданы 1000 ш. м. болатын жаңа музыка мектептерін салу жобасын әзірлеуді тапсырды.

Одан кейін Асайын Байханов кенттің жылу, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері объектілерінің жай-күйімен танысты. Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы - 13 км, жылу желілері - 8,3 км құрайды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша техникалық аудит жүргізіліп, нәтижесінде кәріз желілерінің 69%-ға және жылу желілерінің 65%-ға тозу деңгейі белгіленді. Осыған байланысты Асайын Байханов жұмыстарды кезең-кезеңімен орындай отырып, жылумен жабдықтау жүйесін реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ, су бұру жүйесін санациялау әдісімен жөндеуге құжаттаманы әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, осы жобаларды іске асыру бойынша Жол картасын дайындау тапсырылды.

Өңір басшысының жұмыс сапары барысында 2014 жылы салынып, алайда жер асты суларының көтерілуіне байланысты соңғы бес жыл бойы жұмыс істемей тұрған Баянауыл ауылындағы балабақша ғимаратына ерекше назар аударылды. Жүргізілген сараптамаға сәйкес ғимарат апатты деп танылмаған. Балабақшаның жұмысын қалпына келтіру және аудан орталығында тұратын балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін облыс әкімі жер асты суларын бұру жобасын әзірлеуді тапсырды, содан кейін ғимаратты қайта жаңарту мүмкін болады.

Жазғы туристік маусымға дайындық аясында аудан әкімі Ардақ Ксентаев туристік инфрақұрылымның ағымдағы жағдайы туралы баяндады. Қазіргі уақытта ауданда жалпы сыйымдылығы 5 мыңнан асатын 54 демалыс үйі бар, жол бойындағы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Жазғы кезеңде «Жасыбай», «Сабындыкөл» және «Торайғыр» демалыс аймақтарында қосымша тамақтану орындары мен сауда павильондарын ашу жоспарлануда. 14 туристік маршрут әзірленіп, іске қосылуға дайын. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық қызметтер толық дайын. Бейнебақылау камералары орнатылып, су айдындарында құтқару бекеттері ұйымдастырылды.

Туристік инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін шамамен 568 млн теңгеге Сабындыкөл көлінің жағалау аймағын абаттандыру көзделген. Жоба бойынша кіреберіс топтары, шағын архитектуралық формалар орнатылады және бақылау алаңдары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Баянауыл ауылында 1 млрд теңгеге жуық қаражатқа өлкетану мұражайы орналасатын визит-орталықтың құрылысы жүргізілуде. Бұл бастамалар Жасыбай көліне түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.

Торайғыр ауылындағы қара қандыағаш өсетін бірегей табиғи нысан - «Әулие бұлақ» бұлағының аумағын абаттандыруға ерекше назар аударылды. Жұмыстар аясында жуынатын кабинкалар, отыратын орындар жабдықталып, экологиялық туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

Сондай-ақ, облыс әкімі жүздеген жылдар бұрын табиғи күштердің әсерінен пайда болған сакралды орын - Кемпіртас жартасына барды. Жартастың жанында қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері - андронов мәдениетінің қабірлері мен қоныстары орналасқан. Өңір басшысы осы табиғи ескерткішке апаратын жолды асфальттауға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар, ауданда жалпы құны 5,2 млрд теңгені құрайтын бес инвестициялық жоба іске асырылуда.

Олардың қатарында жыл бойы жұмыс істейтін «Березовая роща» демалыс үйінің, Баянауылға кіре беріс жердегі жанар-жағармай құю бекетінің жанындағы қызмет көрсету аймағының, «Сабындыкөл Плаза» демалыс базасының, сондай-ақ әлеуметтік нысандары бар мәдени орталықтың және «Факел» демалыс аймағындағы қонақ үйлердің құрылысы бар.

Сапар барысында облыс әкімі құрылысы жүргізіліп жатқан жыл бойы жұмыс істейтін «Березовая роща» қонақ үйінің кешені мен демалыс аймағының аумағындағы ашық бассейн алаңына барды. Қазіргі уақытта бірінші және екінші блоктар, сондай-ақ SPA аймағы бар жабық бассейннің құрылысы аяқталды. Нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада ашық бассейн салу жоспарланған. 

Сонымен қатар, өңір басшысы Баянауыл ауылында ауданы 2 мың шаршы метрден асатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын тексерді. Одан кейін Сабындыкөл көлінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Қазір онда кірме жолдарды, жарықтандыруды, фото-аймақтарды жайластырумен, бақылау алаңының құрылысы басталды, сондай-ақ жағажайды абаттандыру жұмыстары да басталды. Биыл оның аумағында жайлы шатырлар, жатын орындар, тақтайдан жасалған жолдар, киім ауыстыруға, жуынуға, дәретханалар үшін заманауи кабиналар және басқа да қажетті инфрақұрылым элементтері пайда болады.

Баянауыл ауданында туристік маусымның ресми ашылуы 14 маусымға жоспарланған. Облыс әкімі жазғы маусымның сәтті басталуын қамтамасыз ету үшін ауданның инфрақұрылым нысандары бойынша барлық дайындық жұмыстарын 10 маусымға дейін аяқтау міндетін қойды.

  • 27.05.2025
  • 14
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика