• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының туризм саласында 25 инвестициялық жоба жүзе асырылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризм саласын қарқынды түрде дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. 

Президент туризмді дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде бұл саланың әлемдік экономиканың қарқынды дамуына әсер етіп отырғанын және инвесторлар үшін тартымды бағыт екенін атап өтті.

«Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мол мүмкіндік бар, экологиялық туризмнен бастап бизнес туризміне дейін дамытуға болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жамбыл облысының туризм саласында жалпы құны 17,6 млрд теңгені құрайтын 25 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар 350 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Биыл туристердің сұранысына толық сай келетін, заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған 3 демалыс аймағын іске қосу жоспарлануда. 

Соның бірі – 2025 жылдың 24 мамырында Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінде орналасқан «Көне қамал» қорғаны салтанатты түрде ашылды. 

«Көне қамал» – «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің жалғасы. Оның оң жақ қабырғасы жасанды тастармен көмкеріліп, ұзындығы 220 метр болатын қорғанмен қоршалған. Мұнда ортағасырлық қорғандар мен дуалдардың көріністері көркем бейнеленген.

Алдағы уақытта бұл нысан аумағында түрлі мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің еңбектері отандық және шетелдік туристер мен қала тұрғындарына ұсынылатын болады.

Қазіргі уақытта өңірдегі 18 туристік бизнес субъектісіне мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде. 

Облыста 40 туристік нысан орналасқан, оларды қамтитын 10 жаңа туристік маршрут дайындалды. Қазір осы маршруттағы нысандардың инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы ұзындығы 34,8 шақырымды құрайтын 3 туристік нысанға апаратын жол құрылысын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаржы қаралды. 

Бүгінде жол салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Мәселен, Жуалы ауданындағы «Көксай Resort» демалыс орталығына баратын автожолдың құрылысы (19,5 шақырым) ағымдағы жылдың маусым айының басында толық аяқталады деп жоспарлануда.

Жамбыл ауданындағы «Таскөл» туристік нысанына дейінгі 2,8 шақырым жол төселді. Қазіргі таңда жол жиегін абаттандыру және ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ «Алмалы» демалыс орнына апаратын 12,5 шақырым жол салу жоспарланған. Бүгінге күнге дейін 7,5 шақырымы төселіп, абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Қалған 5 шақырым жол құрылысын маусым айына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Сонымен бірге 2 демалыс орталығына газ құбырын жүргізу (40,3 шақырым) жоспарлануда. 

Шетелдік және отандық туристерге өңір туралы толық ақпарат ұсынатын бірегей ақпараттық терминалдар халық көп жиналатын нысандарға – «Март» пен «Firkan» сауда орталықтарына, «Әулие Ата» әуежайына және «Тараз» теміржол вокзалына орнатылды.

Бұл терминалдар қонақ үйлер, тамақтану орындары, көлік қызметтері, көрікті жерлер мен туристік маршруттар туралы толық мәліметті «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынады

  • 28.05.2025
  • 32
Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика