- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Жамбыл облысы – Франция: Форумда өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырдым
Астана қаласында өткен Қазақстан-Франция инвестициялық форумында франциялық ірі бизнес өкілдеріне Жамбыл облысының осы бағыттағы жоғары әлеуеті таныстырылды.
Франция – Қазақстанның сан саладағы негізгі серіктестерінің бірі. Бұл ынтымақтастық Жамбыл облысы үшін де нақты нәтижелер беруде. Өңірде TotalEnergies (күн электр станциясы), Saint-Gobain (гипс зауыты), Vicat (цемент зауыты) сияқты компаниялардың жобалары сәтті жүзеге асуда.
Өткен жылдың өзінде Франциямен тауар айналымы 57,2 пайызға өсті.
Біз «жасыл» энергетика (TotalEnergies компаниясының 1 ГВт жел электр станциясы), машина жасау (Alstom электровоз құрастыру зауыты), агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, металлургия және агрохимия өндірісі сияқты салалардан ең үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз.
Француздық бизнес қоғамдастыққа аймақтың бай шикізат қоры, жоғары технологиялы әрі тұрақты өндірістерге арналған алаңдары, мемлекеттің қолдауы кеңінен таныстырылды. Біз тығыз әріптестік пен нақты нәтижеге жұмыс істеу бойынша өз ұсынысымызды жеткіздік.
2025 жылдың төрт айының қорытындысына сәйкес Жамбыл облысы Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге (190,8 млрд. теңге) өскен.
Сондай-ақ, осы күні өткен Vicat, Saint-Gobain, Bonduelle, Freyssinet, TotalEnergies жетекші компанияларының өкілдерімен кездесулерде біз ынтымақтастықты кеңейту, жаңа өндіріс орындарын іске қосу, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру бойынша алдағы қадамдарды талқыладық.
- 29.05.2025
- 23