- Блогтар
- Налибаева Г.К.
Налибаева Г.К.
«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директоры
«Қамбарата ГЭС-1» құрылысы жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті
«ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС Бас директоры Гүлжан Нәлібаева және Жоспарлау және даму департаментінің директоры Замира Ахметова «Қамбарата ГЭС-1» құрылысы жобасы бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шара 26-27 мамырда Дубай қаласында өтті.
Бұл жоба – Орталық Азиядағы энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және су ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған маңызды өңірлік бастама.
Кездесуге қатысушылар «Қамбарата ГЭС-1» жобасын дайындау барысын, оның ішінде: жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, су-энергетикалық әлеуетті пайдасын, үкіметаралық келісімді, қаржыландыру жоспарын және электр энергиясын беру инфрақұрылымын талқылады.
Іс-шараға ҚР Энергетика министрі Еран Ақкенженов, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және ҚР су ресурстары және ирригация, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты.
- 29.05.2025
- 37