- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясына қатысты.
Басқосуға әртүрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, Ассамблея мүшелері мен құрылымдары, этномәдени бірлектіктер, саяси партия және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жиналды.
Сессия «Елдің бірлігі – мемлекеттің тірегі: Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиялық бағдарының басты негіздері» тақырыбында өтті.
Қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында айқындаған міндеттерін облыс аумағында іске асыру мәселелерін талқылады.
Ербол Қарашөкеев Президент сессия отырысында саясаттан бастап, экономика және әлеуметтік салаға дейінгі барлық бағыттағы даму басымдықтарын айқындап бергенін еске салды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен Ассамблеяның XXXIV сессиясы – ел Тәуелсіздігінің жетістіктерін саралап, болашаққа бағытталған тың бастамалар ұсынылған маңызды алаңға айналды. Аталған міндеттер аясында жүзеге асатын кешенді жұмыстарды орындауға тек Ассамблея ғана емес, барша жамбылдық жұмыла атсалысуы тиіс, – деген облыс әкімі өңір халқы әрқашан Тәуелсіз Қазақстанның сенімді тірегі болатынына сенім білдірді.
Өңір басшысы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жаңа әлеуметтік нысандардың пайдалануға беріліп жатқанын атап өтіп, бұл жетістіктердің барлығы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің жемісі екенін алға тартты.
Бұдан соң облыстық ҚХА-ның меңгерушісі Қуаныш Мамашев, «Радонеж» орыс қоғамы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Евгений Кравчук, облыстық мәслихат жанындағы ҚХА-ның «Бірлік» депутаттық тобының жетекшісі Жанат Бастаубаева мазмұнды баяндама жасады.
Сессия қорытындысы бойынша өңірдің қоғамдық-саяси жұмыс жоспарларына Қазақстан халқы Ассамблеясының жобаларын енгізу, оларды одан әрі жүзеге асыру, этномедиация саласына жан-жақты қолдау көрсету, «Елдесу және татуласу» жобасының аясын кеңейту, ҚХА жанындағы журналистер клубының құрамын жетекші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен толықтыру, сондай-ақ Қордай ауданында ҚХА құрылымын құру бойынша шаралар қабылдау жөнінде шешім қабылданды.
Шарада этносаралық келісімнің нығаюына үлес қосқан бірқатар азаматқа ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалі, өңір басшысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаты салтанатты түрде табысталды.
Сессия соңында өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көрермендердің жоғары бағасына ие болды.
- 02.06.2025
- 17