- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Құрметті балалар, ата-аналар және барша бала жанашырлары!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!
Бұл күні – ең қымбат қазынамыз – балаларға деген шексіз сүйіспеншілік пен қамқорлықтың, болашаққа деген сенімнің жарқын көрінісі.
Балалар – біздің бүгініміздің шаттығы, ертеңіміздің үміті мен сенімі. Әр баланың бақытты балалық шағы, күлкісі мен жарқын арманы – еліміздің кемел болашағының кепілі.
Бала – таза ниеттің, мейірім мен махаббаттың символы. Олардың амандығы мен бақытты өмірі – бүкіл қоғамның, әрбір ата-ананың басты міндеті. Сондықтан да олардың құқықтарын қорғап, жан-жақты дамуына жағдай жасау – біздің ортақ борышымыз.
Осы айтулы мерекеде барлық бүлдіршінге шат күлкі, қуаныш пен зор денсаулық тілеймін!
Әр шаңырақта сәбидің сыңғырлаған үні естіле берсін!
- 02.06.2025
- 21