• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Шу ауданында теміржол депосы пайдалануға берілді

Жамбыл облысында ірі инвестициялық жобалардың бірі – теміржол депосы сәтті іске қосылды.

Шу қаласында өткен салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, ҚР Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері және жоба жетекшілері қатысты.

– Жамбыл облысы үшін аса маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Шу ауданында жаңа депоның ашылуы еліміздің теміржол инфрақұрылымын дамытуға және транзиттік әлеуетін нығайтуға зор серпін беретіні анық, – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста ауқымды инвестициялық жобалар табысты жүзеге асып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бизнес қауымдастықтың өңірдің экономикалық әлеуетіне деген сенімі жоғары екенін жеткізді.

Жамбыл облысының инвестициялық қоржынында жалпы құны 3,7 трлн теңгені құрайтын, 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 62 жоба бар. Оның ішінде биыл 175,2 млрд теңгеге 30 жоба іске қосылып, 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Теміржол депосының құрылысын Францияның жетекші компанияларының бірі – Alstom екі жыл ішінде табысты аяқтады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 4 млрд теңгеден асады. Нысан іске қосылғаннан кейін жергілікті тұрғындар үшін 100 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Жаңа депо «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пайдаланатын KZ4 және KZ8 электровоздарына техникалық қызмет көрсетуге арналған. Бұл жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады деп күтілуде.

Кәсіпорын қызметі халықаралық стандарттарға толық сәйкес жүзеге асырылады. Мамандардың айтуынша, мұнда өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталады. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған депо ай сайын 120-ға жуық, жылына 1 500-ге жуық электровозды сапалы жөндеуден өткізуге қауқарлы.

Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова екі ел арасындағы берік стратегиялық әріптестік аясында бірлескен жобалардың сәтті жүзеге асып жатқанын атап өтті.

Alstom компаниясының Батыс және Орта Азиядағы басқарушы директоры Жером Бойе Қазақстан тарапынан көрсетілген сенім мен екіжақты ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

Облыс әкімі қонақтармен бірге кәсіпорынды аралап, жұмысына табыс тіледі.

  • 02.06.2025
  • 24
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика