- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісу облысында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық іс-шараларға 8 мыңға жуық адам қатысты
Жетісу облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай барлық аудандар мен қалаларда бір мезгілде 5 мыңға жуық адам қатысқан Мемлекеттік ту көтеру және Мемлекеттік гимнді орындау патриоттық іс-шаралары өтті. Талдықорғандағы Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне ардагерлер, мәслихат депутаттары, жастар, ҚХА өкілдері, түрлі қоғамдық ұйымдар, қала тұрғындары қатысты. Мереке аясында өңірде 8 мыңға жуық адамды қамтыған 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.
«Рәміздерім – мақтанышым!» республикалық акциясы аясындағы салтанатты шара Талдықорғанда «Жастар» саябағындағы Ту тұғырының жанында өтті. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен әскери қызметшілер Мемлекеттік ту мен Мемлекеттік елтаңбаны алып шықты. Мұнан соң Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтіп, Мемлекеттік гимн шырқалды.
Іс-шара патриоттық шерумен жалғасып, оған қолдарына Мемлекеттік ту мен жалаушалар ұстаған мәдениет, спорт, білім беру қызметкерлері, ҚХА өкілдері, жастар, еріктілер, әскери қызметшілер және басқа да ниет білдірушілер қатысты. Шеруге қатысушылар «Жастар» саябағынан орталық алаңға дейін Н.Назарбаев даңғылымен жүріп өтіп, оларды «Көк тудың желбірегені!» патриоттық акциясының қатысушылары қарсы алды.
- 04.06.2025
- 33