- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісу облысының «J-LEAGUE» жобасы аясында жасөспірімдер арасында футбол ойынының ақтық кезеңі басталды
Жетісу облысының «J-LEAGUE» жобасы аясында жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп» ойындарының ақтық кезеңі басталды.
«J-LEAGUE» жобасының бұқаралық спортты дамытудағы іргелі жобалардың бірі, әсіресе ауыл балаларын қолдауға, спортқа бейімдеуге басымдық беріліп отыр. Сол сияқты жетісулық жас футболшылардың жуырда ел чемпионы атанған.
Бір атап өтерлігі, күні кеше ғана 2010 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан өткен республика чемпионатында жетісулық жас спортшылар Қазақстан чемпионы атанды. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш! Спорт – адамды табандылық пен тәртіпке үйрететін тәрбиеші, денсаулықтың кепілі. Сондықтан жасөспірімдердің осындай жарыстар арқылы бұқаралық спорт түрлеріне көптеп тартылуы, салауатты өмір салтын ұстануға деген талпынысы бізді ерекше қуантады. Құрметті жас спортшылар! Бұл жарыс – сіздердің спорт жолындағы алғашқы белестеріңіздің бірі. Әр ойында қай-қайсыларыңыз да табандылық танытып, командалық мығым рухпен жеңіске қадам жасайсыздар деп сенемін.
- 12.06.2025
- 27