• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Елордада Қазақстандағы Қытай туризмі жылының ашылу рәсімі өтті

Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылы және «Жібек пен Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели, ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы, Қытайдың Ұлттық жібек музейі директорының орынбасары Чжан Чэнмин және өзге де мәртебелі меймандар қатысты.

Ербол Мырзабосынов Қытай мен Қазақстанның кез келген салада байланысы бекем, достығы берік елдер екенін атап өтті. Сондай-ақ министр бүгінде екі ел арасындағы қатынастар «Бір белдеу. Бір жол» бастамасы аясында жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын, бұл ретте туризм саласы қос халықты жақындастыратын негізгі факторға айналғанын жеткізді.

«Баршаңызды Қазақстандағы Қытай туризмі жылының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Былтыр Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 2025 жылды «Қазақстандағы Қытай туризмі жылы» деп жариялады. Бұл 2024 жылғы «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының» заңды жалғасы саналады. Ауқымды іс-шара екі ел арасындағы туристік ынтымақтастықтың жаңа парағын ашып отыр. Осы орайда, мемлекеттер арасындағы туристік және мәдени алмасуды дамытуға зор үлес қосқан әріптесім – Сунь Ели мырзаға ерекше алғыс білдіремін», - деді ҚР Туризм және спорт министрі.

Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылы аясында екі ел арасындағы туристік бастамаларды қолдау мақсатында бірқатар шараларды ұсынды.

Атап айтқанда, Қазақстанда Қытай туристеріне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін Welcome Chinese бағдарламасын енгізу. Бағдарлама қонақ үйлердің, туристік компаниялар мен нысандардың Қытайдан келетін қонақтардың қажеттілігіне бейімделуге көмектеседі. Бұдан бөлек, туризм, спорт және мәдениетті тоғыстыратын бірегей шекаралық марафон ұйымдастыру және туристік жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ұтқырлықты арттыру арқылы білім мен тәжірибе алмасу ұсынылды.

Айта кетейік, 2024 жыл Қазақстан мен Қытай үшін туризмді өзара дамытуда маңызды кезең болды. Былтыр «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» аясында Қытайдың ірі қалаларында 37 іс-шара ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде туристер ағыны бірнеше есе артты. Былтыр елімізге Қытайдан 655 мың турист келді. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 78% жоғары (2023 жылы – 367 мың адам).

  • 17.06.2025
  • 26
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика